құрылыс нысандарын аралады
Сәрсенбіде ауданға Сенат депутаты Бекболат Орынбеков келіп, бірқатар құрылыс нысандарын аралады. Сенатор аяқ басқан алғашқы нысан – Қайыңдыдағы медициналық пункт. Аталмыш нысанның құрылысын бүгінде «AKM Group» жауапкершілігі шектеулі серіктестігі жүргізуде. Дәл осы мердігер компания аудан аумағында тағы да бір нысанның құрылысын жүргізуде. Ол – Ақыртөбе ауылындағы мәдениет үйі. Қос нысанды көзбен көрген сенатор аталмыш салада сапаға үлкен мән беру керегін сөз етті. Жалпы Ақыртөбе мен Жаңатұрмыста қос бірдей нысандардың іргетасы қалануда. Алғашқысында мәдениет үйі мен округке қарасты Малдыбай ауылында 120 балаға арналған мектеп салынса, Жаңатұрмыста спорт кешені мен мәдениет үйі бой көтеруде. Айта кету керек, Бекболат Орынбеков жоғарыда аталған құрылыс нысандарын аралап, атқарылған жұмысқа, сапаға үлкен мән берді.
«Құлан медиа» ақпарат.