Қоғамдық кеңес брифинг өткізді

100 Views

Ел ішіндегі келелі мәселелерді көтеріп, халық пен биліктің арасында алтын көпір болып отырған ұйымдардың бірі – Қоғамдық кеңес. Қазіргі аудандық Қоғамдық кеңестің жұмысы төңірегінде кеңес төрағасы Шорабек Атабаев баспасөз құралдарының өкілдеріне берген брифингінде айтып жеткізді.

Осы аптада аудан әкімдігінің ғимаратында аудандық Қоғамдық кеңестің ағымдағы жылдың алты айы ішінде атқарған қызметі жөнінде есебі тыңдалды. Аудандық Қоғамдық кеңестің төрағасы Шорабек Атабаев Қоғамдық кеңестің жыл басынан бергі атқарған жұмыстарына тоқталып өтті.
Аудандық Қоғамдық кеңестің жұмысын былтырғы жылмен салыстырғанда, яғни 2023 жылдың І жарты жылдығында 8 отырыс өткізіп, 10 мәселе, 7 ұсыным ұсынылды. Ағымдағы жылдың І жарты жылдығында 10 отырыс өткізіліп, онда 16 мәселе қаралып, 13 ұсыным ұсынылды. Қоғамдық кеңесте 9 мәселе, атап айтқанда, мемлекеттік органдардың нормативтік-құқықтық актілерінің 9 жобасы қаралды. Атқарылған жұмыстарға тоқталатын болсақ, аудан бойынша 2023 жылы әлеуметтік-экономикалық дамуының қорытындылары және 2024 жылға қойылған міндеттері туралы аудан әкімі Ернар Серікәліұлының атқарған жұмыстары туралы есебі тыңдалды. Аудан басшысы өз есебінде 2023 жылы аудандағы және ауылдық округтерде әр түрлі салалар-бюджет, жер, мал және егін шаруашылығы, шағын және орта бизнес, құрылыс, сумен қамту, білім, спорт, денсаулық салалары бойынша атқарылған жұмыстарға жан-жақты тоқталды. Сонымен қатар, аудандық мәслихаттың төрағасы Ербол Абақұлының 2023 жылы атқарған жұмыстары туралы есебі және 2024 жылдағы алдағы тұрған міндеттері туралы есебі, аудандық Қоғамдық кеңес төрағасы Шорабек Атабаевтың 2023 жылы атқарған жұмыстары туралы есебі тыңдалды.
Сондай-ақ, кеңес мүше­ле­рі­нің қатысуымен өткен тағы бір отырыста Ақбұлақ ауылдық округі­нің әкімі Кенжеғара Сәбит Жұмағалиұлы мемлекеттік көрсе­тілген қызметтер туралы 2023 жылдың 12 айында атқар­ған жұмыстары бойынша тоқ­талды. Аудан әкімдігінің сәулет қала құрылысы және құры­лыс бөлімінің басшысы Әбдірахманов Қабілет Қанатұлы 2024 жылдың есепті кезеңінде мемлекеттік көрсетілетін қыз­мет­тер бойынша атқарылып жатқан жұмыстары жайлы есеп берді. Сонымен қатар, аудандық полиция бөлімінің бастығы, поли­ция майоры Сатылғанов Байжан Жақсылықұлының ат­қар­ған жұмыстары баяндалды.Сондай-ақ, мемлекеттік атқару­шы және өкілді органдардың 9 нор­мативтік-құқықтық актілерінің жобалары қаралды. Олар: аудан бойынша аз қам­тылған отбасыларға тұрғын үй көме­гін көрсетудің мөлшері мен тәртібін айқындау, ауданда бөлек жергілікті қоғамдастық жиын­дарын өткізудің қағи­да­лары және жергілікті қоғам­дас­тық жиынына қатысу үшін ауыл, көше, көп пәтерлі тұрғын үй тұр­ғындары өкілдерінің сандық құрамын бекіту, аудандық мәслихаттың 2014 жылғы 17 шілдедегі №25-11 шешімінің күшін жою туралы мәселелер қаралды.
Онымен қоса, аудандық мәсли­хаттың 2023 жылғы 25 желтоқсанда №15-4 «2024-2026 жылға арналған аудан­дық бюджет туралы», «2024-2026 жылға арнал­ған ауыл­­дық округтерінің бюд­жет­тері туралы» 2023 жылғы 27 желтоқсандағы №16-4 ше­шіміне өзгерістер енгізу туралы мәселелер қозғалды. Сонымен қатар, аудан бойынша бөлшек салықтың арнаулы салық режимін қолдану кезінде салық мөлшерлемесінің мөлшерін төмендету туралы, аудандық мәслихаттың 2023 жылы 4 қазандағы №9-14 шешіміне өзгеріс енгізу туралы, аудан бойынша әлеуметтік көмек көрсетудің, оның мөлшерлерін белгілеудің және мұқтаж аза­маттардың жекеленген санат­тарының тізбесін айқындаудың қағидаларын бекіту туралы, аудандық мәслихаттың 2023 жылғы 30 қазандағы №10-8 мәслихат шешіміне өзгерістер енгізу туралы мәселелер. Аудан­дық мәслихаттың 2023 жыл­дың 25 желтоқсанындағы №15-4 «2024-2026 жылдарға арналған аудандық бюджет туралы» шешіміне өзгерістер енгізу туралы, «2024-2026 жылдарға арналған ауылдық округтердің бюджеттері туралы» аудандық мәслихаттың 2023 жылғы 27 желтоқсанындағы №16-4 шешіміне өзгерістер енгізу туралы тақырыпта қоз­ғалды. Ауданның елдімекен­дерінің шекараларын (шектерін) белгілеу және өзгерту туралы аудан әкімдігінің және аудандық мәслихаттың бірлескен қаулы, шешім жобасына келісім беру туралы мәселелер қаралды.
Қоғамдық кеңестер мүше­лерінің әдептілік мінез-құлық нормаларын бекіту туралы, аудан әкімдігінің «Т.Рысқұлов аудандық мәслихатының 2023 жылдың 25 желтоқсанында №15-4 «2024-2026 жылдарға арналған аудандық бюджет туралы», «2024-2026 жылдарға арналған ауыл­дық округтерінің бюджет­тері туралы» аудандық мәсли­хаттың 2023 жылғы 27 желтоқсанындағы №16-4 ше­ші­міне өзгерістер енгізу туралы» ше­шім жобаларына келісім берілді.
Ағымдағы жылдың алты айында аудандық Қоғамдық кеңеске аудан тұрғындарының үш арыз-шағымы қаралып, қанағат­тандырылды. Олар: Қызылшаруа ауылының тұр­ғынының жұмыссыздығы ту­ралы, Жаңатұрмыс ауылындағы тұрғынның денсаулығына бай­ланысты, Қарақыстақ ауылының тұрғынының мемле­кеттік гранты туралы.
Бауыржан Момышұлы ата­мыз­дың «Жұртым деп жұмылып, елім деп езіліп қызмет ет» – дегеніндей, алдағы уақытта да аудандық Қоғамдық кеңес ел игілігі мен өркендеуі үшін аудан тұрғындарын қоғамдағы кез-келген келеңсіз жайларды болдырмай бірлесіп жұмыс жасауға шақырады.

Гүлнұр АМАНЖОЛ.

Поделиться ссылкой: