Жамбыл облысы бойынша ішкі мемлекеттік аудит департаментімен 2024 жылдың І жартыжылдығында жүргізілген камералдық бақылау нәтижелері туралы

118 Views

Жамбыл облысы бойынша ішкі мемлекеттік аудит депар­таменті ішкі мемлекеттік аудит және қаржылық бақы­лау жөніндегі уәкілетті орган бюджеттік бағдарламалар әкім­шілерінің қаржылық есептілігіне және мемлекеттік мекеме­лер­дің қаржылық есептілігіне тәуекелдерді басқару жүйесі негі­зінде жыл сайынғы аудит жүргізуді, республикалық және жергілікті бюджеттер қаражатының пайдаланылуына, Қазақстан Республикасының мемлекеттік сатып алу, мемле­кет­тік мүлік, бухгалтерлік есеп және қаржылық есептілік, ауди­торлық қызмет туралы заңнамаларының сақталуына сәйкес­тік аудитін жүзеге асырады. Сонымен қатар мемлекеттік сатып алу рәсімдеріне камералдық бақылау жүргізеді.
Жамбыл облысы бойынша ішкі мемлекеттік аудит депар­таменті Қазақстан Республикасы Қаржы министрінің 2015 жылғы 30 қарашадағы «Камералдық бақылау жүргізу қағида­ларын бекіту туралы» №598 бұйрығына сәйкес мемлекеттік сатып алуларға камералдық бақылауды жүзеге асырады.
Камералдық бақылау жүргізудің мақсаты сыбайлас жемқорлықтың алдын алу, заң бұзушылықтардың уақтылы жолын кесу және оларға жол бермеу, мемлекеттік аудит объек­тісіне камералдық бақылау нәтижелері бойынша анық­талған бұзушылықтарды дербес жою құқығын беру және мемлекеттік аудит объектілеріне әкімшілік жүктемені төмен­дету болып табылады.
Камералдық бақылау мемлекеттік сатып алудың тәуекел бейіндері мен заңды және жеке тұлғалардың арыз-шағымдары негізінде жүзеге асырылады.
2024 жылдың 6 айында 332 507,5 миллион теңгені құрайтын 18 155 мемлекеттік сатып алуға камералдық бақылау жүргізілді.
Жүргізілген камералдық бақылаудың қорытындысы бойынша анықталған заң бұзушылықтарды жою үшін Департамент тарапынан ұйымдастырушыға/тапсырыс берушіге барлығы 4 778 хабарлама жіберілді.
Одан бөлек, мемлекеттік сатып алу веб-порталының мәліметтеріне сүйенсек, бүгінгі күнге өткізілген мемлекеттік сатып алулар бойынша Департаментке заңды және жеке тұлғалардан 2254-ке жуық арыз-шағым түсіп, 1308-ге жуық арыз толық және ішінара қанағаттандырылған.
Атап өтетін жәйт, мемлекеттік сатып алуды ұйымдас­тырушылар тарапынан камералдық бақылау бойынша анық­талған бұзушылықтарды жоюға бағытталған хабарламаларды тиісін­ше орындамау, яғни толық дәрежеде орындамау не нұсқамаға сәйкес орындамау салдарынан бюджеттік қаражаттың мерзімінде игерілуін тежейді және әкімшілік ауырт­пашылықтың ұлғаюына әкеліп соғуда.
Департамент тарапынан жіберілген камералдық бақылау нәтиже­лері бойынша анықталған бұзушылықтарды жою туралы хабарламаларды орындамаған немесе тиісінше орында­мағаны үшін банк шоттары бойынша шығыс операция­ла­рын тоқтату туралы 31 хат жолданды, 17 әкімшілік құқықбұзу­шылық туралы хаттамалар жасалып, соттың қарауына жіберілді.

Поделиться ссылкой: