Абай болыңыздар!

114 Views

Қалалық жерлерде балалардың жарақат алуы мен өліміне әкеп соғатын негізгі себептердің бірі – терезеден құлау оқиғалары. Ашық терезе алдында кішкентай балалар осал болады. Өйткені оларды ашық терезенің арғы жағында не болып жатқаны қатты қызықтырады. Бұл туралы әртүрлі алынған жарақаттардан балалардың қаза болуы деңгейі куәландырады.

Балалардың абайсыздығынан болған оқыс оқиға ата-анасының қарауын­сыз қалған балалар ұшырайды.
Қазіргі жаз мезгілі ашық тұрған терезе­нің балаларының өміріне қауіпті еке­нін ата-аналар ұмытып кетеді.
Үйде балалар болған жағдайда ешқашан терезені ашық қалдырмаңыз. Сіз балаңыздың жанында болғаны­ңызбен бірнеше секундқа бір нәрсеге алданып кеткенде, балаңыз өз өмірімен қош айтысуы мүмкін. Балаларыңызды еш уақытта қараусыз қалдырмаңыздар.
Балаларыңыз терезені өз еркімен аша алмауы үшін терезелеріңізге тіреуіш орнатыңыздар.
Терезеден құлау жағдайынан балаларды қалай сақтауымыз керек?
Терезеден құлау оқиғаларына көбінесе ата-анасының қарауынсыз қалған балалар ұшырайды. Кішкентай балаларды жалғыз қалдырмаңыздар.
Терезеге шықпауы үшін терезе маңында жиһаздардың барлық түрін алып тастаңыздар.
Масаға қарсы торларға еш уақытта сенбеңіздер. Олар құлап бара жатқан балаларыңызды қорғай алмайды. Керісінше олар осы масаға қарсы торларды қауіпсіз деп ойлайды. Алайда балалар осы тормен бірге құлап кетеді.
Мүмкіндік болса терезенің астыңғы жағын емес, жоғары жағын ашып қойыңыз.
Балаңыз терезені аша алмауы үшін терезеге бірнеше арнайы бекіткіштер орнатыңыз.
Егерде сіз балаңызға терезеден бір­деңе­лерді көрсеткен болсаңыз, балаңызды қатты ұстап, қимыл қозғалысын қадағалаңыз, тез қозғалыс әрекеттеріне дайын болыңыз, қолыңыз құрғақ болып, киімінен ұстамауға тырысыңыз.
Егерде сіздің дәл қазір бекіткіш немесе сақтандыратын жабдық орнатуға мүмкіндігіңіз болмаса, тұтқаны бекітіп тұрған бұрандаманы бұрауышпен алып тастап жоғары жаққа қойыңыз.
Барлық жоғарыда аталған ережелер балконда да сақталуы тиіс.
Жыл сайын биіктен құлау себебінен көптеген балалар мерт болуда.
Ата-аналар, балаларыңызды қараусыз қалдырмаңыздар. Абай болыңыздар.

Аудандық Төтенше
жағдайлар бөлімі мен
№10 өрт
сөндіру бөлімі.

Поделиться ссылкой: