Сауда орындарындағы өрт қауіпсіздігі

106 Views

Өрт – тілсіз жау. Адам баласына өз зиянын келтіріп, материалдық шығынмен қоса адам өмірін де қиып жатыр. Мәліметтерге сүйенсек, өрт салдарынан болған материалдық шығындар үкіметтің емес жеке кәсіпкерлердің, жеке саудамен айналысатын азаматтардың қалтасын таяздатып отыр. Сауда базарларында орын алған өрт оқиғалары негізгі өрт қауіпсіздігі талаптарын сақтамаудан, сондай-ақ, өрттің алдын алуға қарсы іс-шараларды орындауға немқұрайлы қарауы салдарынан, нысандарды қорғауда өртке қарсы мәселелерді шешуге мән бермеуден, қажетті ұйымдастыру шараларын атқармаудан болып отыр.
Қазіргі уақытта күн көріп нан табудың бір түрі сауда болғандықтан, саудамен айналысатын азаматтар өз сауда орындарыңызда өрт оқиғалары орын алмас үшін, өрт қауіпсіздігі талаптарын сақтаңыздар. Сауда орындарында электр желілерін шамадан тыс жүктемеңіздер, автоматты өрт дабыл қондырғыларының үнемі дұрыс жұмыс күйінде болуын қадағалау, алғашқы өрт сөндіру құралдарының жарамдылығын тексеріңіз, эвакуациялық шығу жолдарының ашық болуын қадағалаңыздар. Сауда орындарында өрт оқиғасы болмас үшін барлық талаптарды орындау өз қауіпсіздігіңіздің кепілі.
Қазіргі уақытта ірі сауда нысандарының құрылысы үлкен қалаларда ғана емес, еліміздің қарапайым шағын қалаларында көптеп кездеседі.
Сауда орталығында өрт қауіпсіздігі талаптарын сақтау үшін эвакуациялауды ұйымдастыруға аса мән беріп, өрт сөндірудің автоматты жүйелері мен өрт сөндіру үшін пайдаланатын қол құралдарымен үздіксіз қамтамасыз етіліп, олар міндетті түрде объектіде болуы шарт. Көбінесе сауда ойын-сауық орталығында өрт қауіпсіздігі кәсіби автоматты жүйелердің көмегімен жүзеге асырылады.
Жергілікті жерлердегі жауапты адамдар кем дегенде жарты жылда бір реттен сауда үй-жайларында оқу-жаттығу эвакуациясын өткізуі қажет. Бұл үшін персонал елеулі өртке дайындалып, тез әрекет ету керек. Сауда алаңдарының меншік иелері мен жалға алушылары өрт қауіпсіздігі талаптарын сақтап, өрт болған жағдайда олардың іс-қимыл жасау тәртібі бойынша өз жұмысшыларымен нұсқамалар жүргізуі қажет. Өрт қауіпсіздігінің жалпы талаптары барлығына бірдей, бірақ объектінің инженерлік ұйымының әрлеу ерекшелігіне байланысты осы талаптарды қамтамасыз ету тәсілдері жиі ерекшеленеді. Сондықтан сауда орталығының иесіне мамандар осы нысанның ерекшеліктеріне сәйкес келетін өзінің бірегей өрт қауіпсіздігі жүйесін әзірлеуді ұсынады.
Өрт қауіпсіздігі талаптарын сақтау өрт пен адам құрбандарының пайда болу қаупін бірнеше рет төмендетуге мүмкіндік береді…
Аудандық Төтенше жағдайлар бөлімі мен
№10 Өрт сөндіру бөлімі.

Поделиться ссылкой: