Халыққа қызмет көрсету орталығында жылжымайтын мүлікті қалай тіркеуге болады?

101 Views

Ағымдағы жылдың алты айында Жамбыл облы­сында жылжымайтын мү­лік­ті тіркеу бойынша 369 қыз­мет көрсетілген. 2023 жылдың сәйкес кезеңімен салыс­тыр­ғанда қызметтер саны 30%-ға өс­ті.
Естеріңізге сала кетейік, жылжы­майтын мүлікті тір­кеу бойынша мәмілелер (са­тып алу-сату шарттары, қайы­рым­дылық, жалға бе­ру және т.б.) Жамбыл облы­сын­дағы кез келген халыққа қызмет көрсету орталығында аяқталуы мүмкін. Құжаттарды тапсыру күнін қоспағанда, қызметті көрсету уақыты 1 жұмыс күнін құрайды.
Бұл ретте халыққа қызмет көрсету орталығына дайын келісімшартпен не онсыз да келуге болады. Қажет болған жағдайда Мемлекеттік корпорацияның маманы оны ресімдеуге көмектеседі.
Сонымен қатар, халыққа қыз­мет көрсету орталықтары жеке менед­жерлердің қызметтерін көрсете алады. Олар келесі қызметтерге дайын құжатты кейіннен бере отырып, көрсетілетін қызметті алушыларға құжаттар топта­масын қалыптастыру бойынша жеке қызметтерді көрсетеді:
• автосалондарда көлік құралын және кепіл шартын тіркеу;
• заңды тұлғаның қызметін тоқтатуды мемлекеттік тіркеу;
• екінші деңгейдегі банктер үшін міндетті мемлекеттік тіркеуге жат­пайтын жылжымалы мүлік кепілін тіркеу (өзгерту, тоқтату);
• басқа аумақтық бірлікте орналасқан білім туралы құжаттарды тану және нострификациялау;
• екінші деңгейдегі банктер үшін жылжымайтын мүлікке құқықтарды (ауыртпалықтарды) тіркеу;
• екінші деңгейдегі банктер үшін жылжымайтын мүлікке құқықтарды (ауыртпалықтарды) тіркеу;
• заңды тұлғаларға көлік құралдарын тіркеу;
• салынып жатқан объектілердің техникалық төлқұжатын жасау және қабылдау актісін ресімдеу;
• жеке және заңды тұлғаларға жыл­жы­майтын мүлікке құқық белгілейтін құжаттың телнұсқасын беру;
• жеке және заңды тұлғалардың жерге жеке меншiк құқығына актiлердi тiркеу және беру;
• меншік иелерінің өз бетінше салынған нысанды пайдалануға қабылдау актісін рәсімдеу және беру.

Аудандық Халыққа қызмет көрсету бөлімі.

Поделиться ссылкой: