Ағаш көшеттері отырғызылды
65 ViewsТазалық – әр адамның жеке жауапкершілігі. Біз өз ауламызды, көшемізді таза ұстасақ, өмір сүру сапасы да айтарлықтай жақсарады. Өткен сенбіде «TazaLike» жобасы шеңберінде «Болашақты…
Жақында Ә.Бөкейханов атындағы орта мектептің акт залында аудандық білім қызметкерлері кәсіподақ
комитетінің IV есеп беру-сайлау конференциясы өтті. Конференцияға Жамбыл облыстық білім және ғылым қызметкерлері кәсіподағы ұйымының төрағасы Ерұлан Мағзымбеков, аудан әкімдігі білім бөлімінің басшысы Еркін Сейтжапаров және мектеп директорлары мен кәсіподақ мүшелері қатысты.
Конференция барысында аудандық білім қызметкерлері кәсіподағы комитетінің төрайымы Айнұр Баймұратова 2014-2018 жылдар аралығында атқарылған бірқатар ауқымды жұмыстардың жайжапсары төңірегінде бағдарлы баяндама жасады. Содан соң, конференцияға қатысушылар еркін пікір алмасып, Б.Момышұлы атындағы орта мектептің директоры М.Мейманханов, «Алтын сақа» бөб е к ж а й -б а л а б а қ ш а с ы н ы ң меңгерушісі Гүлмира Досхожаева, №1 лицей-мектебінің бастауыш кәсіподақ ұйымының төрайымы Мираш Сегізбаева, кәсіподақтық жастар қанатының мүшесі Дулат Құдыс пайымды пікірлерін ортаға салды. Бұдан бөлек, келелі конференцияда аудандық білім қызметкерлері кәсіподақ комитеті филиалының, сондай-ақ, комитет және тексеру комиссиясы құрамы қайта анықталып, облыстық білім және ғылым қызметкерлері кәсіподағының кезекті есеп беру-сайлау конференциясына делегаттар сайланды.
Конференция соңында облыстық білім және ғылым қызметкерлері кәсіподағы ұйымының төрағасы Ерұлан Мағзымбеков аудандық білім қызметкерлері кәсіподағы комитетінің атқарған жұмыстары мен жеткен жетістіктеріне көңілі толатынын айтып, жоғары бағасын берді. Сондай-ақ, ол аудандық білім қызметкерлері кәсіподағы комитетін ұзақ жылдар бойы басқарған Зәуреш Тойбековаға «Еңбек ардагері» марапатын ұсынып, белсенді жұмыс жасаған ұйым мүшелеріне құрмет грамотаcымен бірге алғыс хаттар табыс етті.
Салтанат ҚАРАСАЕВА.