Еңбегімен еленген жан

372 Views

Еңбек – адам өмірінің мәні. Ешкімде онсыз мұратқа жетіп, биікке шықпайды. Адал термен тапқан нанның да дәмі тәтті. «Еңбек ер атандырады» дейді дана халқымыз. Сондықтан да тіршілікте бағы жанып, абыройы асқандардың барлығы да қажырлы еңбекпен биікке жеткен адамдар деп айтуға болады.

Құлан агротехникалық жоғары колледжінің ұжымы «Еңбегімен еленген жан» деген тақырыпта «Қазақстан Конституциясына – 20 жыл» мерекелік медалінің, ҚР Білім және ғылым министрлігі «Ы.Алтынсарин» төсбелгісінің, «Еңбек ардагері» медалінің, Т.Рысқұлов ауданы әкімінің «Ауданға сіңірген еңбегі үшін» медалінің иегері Күмісов Серік Күмісұлының еңбек жолын жастарға насихаттап, адал еңбекке тәрбиелеу мақсатында кездесу кешін ұйымдастырды.
Күмісов Серік Күмісұлы 1951 жылы 22 сәуір күні Жамбыл облысы, Луговой ауданының №99 разъезінде теміржолшылар отбасында дүниеге келді. 1968 жылы Луговой кентіндегі №313 мектепті бітіріп, Омбы мемлекеттік малдәрігерлік институтына түскен. Ол институтты 1973 жылы бітіріп, Жамбыл зоотехникалық-малдәрігерлік техникумына оқытушы болып қабылданған. 48 жыл Құлан агротехникалық жоғары колледжінде ұстаздық қызмет атқарып, 2014 жылы зейнетке шықты. 2021 жылға дейін оқытушылық қызметін жалғастырды. 1973 жылданд мұндаға дейін білім саласында жұмыс істеп, өзінің нағыз ұстаз екенін еңбегімен дәлелдеді. Колледжде жоғарғы санатты әдіскер-оқытушы болды. Бірнеше жыл әдістемелік кабинет меңгерушісі болып, оқытуды жаңа деңгейде ұйымдастыру бағытында жұмыс істеді. 2010-2012 жылдары колледж директорының оқу ісі жөніндегі орынбасары қызметін атқарып, оқу процесінің нәтижелі болуына бар тәжірибесін жұмсады. Ардагер ұстаздың еңбек жолын жастарға насихаттап, адал еңбекке тәрбиелеу мақсатында ұйымдастырылған іс-шара барысында Серік Күмісұлының өмір жолы бейнеролик арқылы таныстырылды. Сонымен қатар, Серік Күмісұлы студенттерге өзінің қызметтік жолы туралы әңгімелеп, олардың сауалдарына жауап берді. Студенттер көңілді ән айтып, би билеп, қонаққа деген сый-құрметтерін көрсетті.

Ұ.Акишева, Құлан агротехникалық жоғары

колледжі директорының тәрбие ісі жөніндегі орынбасары.

Поделиться ссылкой: