Аудан басшысы да дауыс берді
6 қазан күні елімізде өткен АЭС құрылысына қатысты республикалық референдумға аудан әкімі Ернар Есіркепов те отбасымен бірге келіп дауыс берді.
Аудан басшысы Ернар Серікәліұлы №1 мектеп-лицейінде орналасқан №342 референдум учаскесіне таңертеңгі уақытта келіп, өзінің азаматтық ұстанымын білдірді. Айта кетейік, бұл референдум учаскесіне таңсәріден бері дауыс беруге келіп жатқан адамдардың саны көп болды.
Жалпы, аудан бойынша 39956 сайлаушы тізімге енген. Біз бірқатар референдум учаскелерін аралап көрдік. Онда дауыс беруге келіп жатқан адамдар көп болды. Оның ішінде жай қарапайым еңбек адамдарынан бөлек, ардагерлер де, мемлекеттік қызметшілер де, денсаулық сақтау және білім беру ұйымдарының қызметкерлері де, ерікті жастар да бар.
М.ЖОЛДАСБЕКҰЛЫ.