Республикалық референдумда мүмкіндігі шектеулі жандарға да барлық жағдай жасалды
Ауданда мүмкіндігі шектеулі жандардың саны – 1975.Оның ішінде дауыс беруге құқығы бар 1577 адам бар. 6 қазан күні олардың референдумға қатысуын ұйымдастыруға 2 сурдо аудармашы мен 1 инватакси қызмет көрсетті.
Бұл азаматтар үшін барлық референдум учаскелерінде дауыс беру орындары 1-ші қабатта орналасқан және кедергісіз кіру үшін барлық жағдайлар жасалған.
Дәл осы мүмкіндікті аудан тұрғыны Халида Кеуповада қолданып, өз таңдауын жасады.
«Құлан таңы» ақпарат.
