19 жастағы Медина да алғаш рет дауыс берді
6 қазан күні референдумға келіп, өз таңдауларын жасаған жастардың да қарасы қалың болды. Біз сондай жастың бірін 486 референдум учаскесінен кезіктірдік.
Ол жастың есімі – Медина Курымбаева. Медина Құлан агротехникалық жоғары колледжінде ет өнімдері мамандығында 3 курста оқиды. Яғни ол 19 жаста. Өзінің айтуынша, осы күні алғаш рет дауыс беріп отыр екен.
– Өзім білім алатын Құлан агротехникалық жоғары колледжінде оқимын деген жастарға толық мүмкіндіктер жасалған. Өзім де колледжде белсенді студенттің бірімін. Одан бөлек ерікті жас ретінде аудандағы қоғамдық іс-шараларға белсене қатысып, өзімнің азаматтық ұстанымымды ұдайы көрсетіп отырамын. 6 қазанда мен өз қатарластарыммен, яғни бірге оқитын достарыммен бірге 486 референдум учаскесіне келіп, өз таңдауымды жасадым.
Қазір әлемде неше түрлі жағдайлар болып жатыр. Құдайға шүкір, біздің елімізде бейбітшілік пен тыныштық бар. Лайым осы берекелі бірлігімізден ажырамасақ деймін. Ел іргесі әрқашан тыныш болсын, – деді ерікті жас.
Марат ДИХАНБАЙ.