Сібір жарасы –инфекциялық ауру

96 Views

Сібір жарасы – бұл қоздырғышы Bacillus anthracis спора түзуші бактериясы болып табылатын жануарлар мен адамның жіті жұқпалы ауруы. Сібір жарасының үш түрі бар: терілік, өкпелік және ішекті. Терілік түрі басым, сирек – сепсис құбылыстары (шіруі) бар өкпе және ішек түрі. Бұл ауру адамға ауру жұқтырылған жануардың терісімен және жүнімен жанасудан немесе залалданған етті тұтынудан жұғуы мүмкін.
Сібір жарасын адамға жұқтырушы ол үй жануарлары (ірі қара мал,  қой, ешкі, түйе, шошқа) болып табылады. Адамға аурудың жұғу жолы көбінесе жанасу арқылы (малды сою кезінде терісін түсіруде немесе мал терісін өңдеуде)  және бактерияның спораларымен ластанған  тағамдар мен ауыз суын ішіп-жеуде және ластанған топырақты егістікте қолдануда жұғуы мүмкін. 
Сібір жарасының белгілері.
Аурудың инкубациялық кезеңінің ор­таша ұзақтығы 2-3 күнді құрайды, бір­неше сағаттан 8-14 тәулікке дейін ауытқуы мүмкін. Ауру тез басталады. Алғашқы сағатта дене температурасы 38-40 градусқа дейін күрт жоғарылайды және әлсіздік пайда болады. Қан (сепсис) жұқтырудың кез келген әдісі нәтижесінде дамиды. Ауру адамнан-адамға жұқпайды.
Егер емдеу уақытында басталса, науқастар сауығады. Сирек жағдай­ларда ауру ағымы ішек, өкпе немесе септи­калық түрлермен асқынады. Ауру­дың ауыр ағымы науқастың өліміне әкелуі мүмкін. Сондықтан сібір жарасына күдікті болса, дереу дәрігерге хабарласыңыз. Емдеу тек стационар жағдайында жүргізіледі. Дәрігерлер антибиотиктерді немесе басқа да препараттарды дәрігердің кеңесуінсіз өз бетімен емдеу немесе алдын алу үшін қолданбауды ұсынады. Жұқтырудың кез келген түріне күдік болғанда дереу ауруханаға жатқызу керек.
Сібір жарасы ауруынан қалай сақтануға болады:
– ет пен ет өнімдерін тек өнімдердің сапасын бақылайтын жерлерден ғана сатып алу;
– ет пен ет өнімдерін немесе кез кел­ген мал шаруашылығы шикізатын өңдей­тін және сататын адамдар өздерін және басқаларды қауіпсіздендіру үшін гигие­налық нормаларды ұстануға міндетті;
– жануарларды күту кезінде ветери­нарлық-санитарлық ережелерді орын­дау;
– үй малын сою тек қана мал мамандарының рұқсатымен жүргізу;
– жануарлардың өлекселерін ретімен көму;
– үлбір және былғары шикізаттарын ветеринариялық бақылау;
– жануарлардың ауруын бақылау;
– залалданған жануарлардың өлек­се­лерін жою;
– жануарларға сібір жарасына қар­сы екпе егу.

Т.Рысқұлов ауданының ветеринариялық бөлімі.

Поделиться ссылкой: