Қоғамдық қабылдау өткізді
39 ViewsӨткен аптада аудан әкімі Ернар Есіркепов қоғамдық қабылдауға жазылған тұрғындарды жеке сұрақтарымен қабылдады. Қоғамдық қабылдауға тұрғындар жайылымдық жер, баспана, көгілдір отын тарту, ауылішілік көше…
5 қазан – Ұстаздар мерекесіне орай, өткен аптада Мэлс Өзбеков атындағы аудандық мәдениет үйінде «Қалдырған ізің мәңгілік» деген тақырыпта іс-шара өтіп, оған аудан әкімі Ернар Есіркепов қатысты. Ұстаздар мерекесінде сөз сөйлеген аудан басшысы Ернар Серікәліұлы адамзатты ізгілікке баулитын да, жақсылыққа тәрбиелейтін де, асыл қасиеттерді бойына дарытатын да ұстаз екенін айтып, барша ұстаздар қауымын мерейлі мерекемен құттықтады. Содан кейін бірқатар ұстаздарға әртүрлі наградалар табыс етті. Шара соңы концерттік бағдарламаға ұласты.
Өз тілшіміз.