Әдеп кодексін сақтау – мемлекеттік қызметшінің міндеті

91 Views

Ұлт жоспары – реформасын жүзеге асыру жөніндегі «100 нақты қадам» құжатының алғашқы 15-і мемлекеттік аппаратты кәсіби­лендіруден басталады. Осыған орай, мем­лекеттік қызмет саласындағы заңнамаларға түбегейлі өзгерістер мен толықтырулар енгізіліп, қабылданған мемлекеттік қызметшілердің әдеп кодексінде этикалық нормаларды бұзуға әкелетін және сыбайлас жемқорлық құбылыстар туындататын жағдай­лардың алдын алу бойынша шаралар қарастырылған. Жүйедегі өзгерістер сыбайлас жемқорлыққа төзбеушілікті қалыптастырып, мем­лекеттік менедж­менттің халықтың алдындағы абырой-беделін көтеріп, оның сапалы моделін жасауға бағытталған.
Мемлекеттік қызметшінің жа­ңа принциптері тиімділік, нәти­желік, ашықтық, меритократия, этика талаптарын сақтау, құқық­бұзу­шылыққа төзбеушілік сияқты бірқатар ізгілікті құзыреттермен толық­тырылған. Сондықтан олардың бойында коммуникативтілік, ұйымдас­тырушылық, ұжыммен бірлесе жұмыс жасай білу, мақсатты дұрыс анықтап, алдағыны болжау сияқты стратегиялық – қасиеттер табылуы қажет. Осының ішінде, әсіресе, әдеп мәселесінің маңызы зор.
Мемлекеттік қызметшілер жұмыс уақытынан бөлек бос уақытында да әдеп кодексін ұстануы міндетті. Оның ішінде қызметкердің сыпайы, адал, сабырлы, салмақты, ұқыпты болуы және кез келген ортада өзін іскерлік стильге сай ресми түрде ұстауы міндеттелген. Сондай-ақ, мемлекеттік қызметші еліміздегі тілдерге, салт-дәстүрлерге сыйластықпен қарап, әділ де заңды шешімдер қабылдауы, жалған ақпараттар таратпауы, сын айтқаны үшін біреуді қудаламауы және мемлекет меншігін тек қызмет бабында пайдалануы қажет. Мұны бөлек мемлекеттік қызметші жемқорлық фактісіне қатысты, тіпті, есімінің аталуына жол бермеуі, қол астындағыларды кемсітпеуі және қызметкерлердің барлығына құрметпен қарауы тиіс.
Мемлекеттік қызмет – бұл бар­­лық мемлекеттік басқаруды ұйым­­дастыруда жетекші рөлге ие ең маңызды тетіктердің бірі. Мемле­кет­тік қызметшінің мораль­дық бет-бейнесі мен этикасына айрықша көңіл бөлуінің себебі – оның іскерлігін ғана емес, айналасындағыларға деген құрметі мен ізетін де жетілдіру. Себебі мемлекеттік қызметшілердің білімі мен біліктілігіне және жүріс-тұры­сы­на қарай қазіргі қоғамда халықтың ат­қару­шы билік жайлы көзқарасы мен оған деген сенімі қалыптасатыны да белгілі.

Р.Қонратбаев,
аудандық қазынашылық басқармасының басшысы.

Поделиться ссылкой: