АУДАНДЫҚ СОТТЫҢ 9 АЙЫНДА АТҚАРЫЛҒАН ЖҰМЫСтарЫ ҚОРЫТЫНДЫЛАНДЫ

75 Views

Тұрар Рысқұлов аудандық сотының төрағасы Айдарбек Замбаев 2024 жылдың 9 айында сот төрелігін жүзеге асыру қорытындысы бойынша аудандық «Құлан таңы» газетінің тілшісі М.Диханбайдың қатысуымен баспасөз конференциясын өткізді.
Сот төрағасы Айдарбек Ағабайұлы сотпен атқарылған жұмыстар туралы және қаралған істер мен материалдар бойынша статистикалық деректерін айтып өтті.
2024 жылдың 9 айында 41 қылмыс­тық іс 43 тұлғаға қатысты қаралған. Оның ішінде 34 тұлғаға қатысты 34 іс үкім шығарумен аяқталған.
Есепті кезеңде 446 тұлғаға қатысты 446 әкімшілік іс қаралған. Оның ішінде 347 іс бойынша әкімшілік жаза тағайындалған, 99-ы қысқартылған. Оның ішінде тараптардың медиация тәртібімен татуласуы арқылы 49 іс қысқартылған.
Сондай-ақ, 2024 жылдың 9 айында 530 азаматтық іс қаралған. Оның ішінде 294 іс бойынша шешім шығарылған. Ал, 68 іс бойынша сот бұйрығы шығарылып, 59 азаматтық іс қараусыз қалдырылды. 108 азаматтық іс қысқартылып, оның ішінде 93 азаматтық іс медиация тәртібімен, 12-сі бітімгершілік тәртібімен қысқартылған.
Бұқаралық ақпарат құралдарында 36 мақала жарияланған. 11 дөңгелек үстел, 7 семинарлық сабақ, 3 баспасөз конференциясы өткізілген.
Соңында аудандық соттың төрағасы А.Замбаев тілші­нің сот жүйесіне қатысты барлық сұрақтарына жауап берді.

«Құлан таңы» ақпарат.

Поделиться ссылкой: