САЯСИ ПАРТИЯЛАР МЕН ҚОҒАМДЫҚ БІРЛЕСТІКТЕРДІҢ НАЗАРЫНА!

117 Views

«Қазақстан Республикасының сайлау туралы» Конституциялық Заңының 10-бабының 3-тармағына және 16-1 бабына сәйкес, Т.Рысқұлов аудандық мәслихаттың 2023 жылғы 8 желтоқсандағы «Учаскелік сайлау комиссиялары мүшелерін сайлау туралы» №15-10 шешімімен сайланған №330 учаскелік сайлау комиссиясының 1 мүшесі, №339 учаскелік сайлау комис­сиясының 1 мүшесі, №347 учаскелік сайлау комиссиясының 1 мүшесі, №341 учаскелік сайлау комиссиясының 2 мүшесі, №343 учаскелік сайлау комис­сиясының 3 мүшесі, №360 учаскелік сайлау комиссиясының 1 мүшесі өз еркімен мерзімінен бұрын комиссия мүшелігінен шығып кетуіне байланысты төмендегі аталған, яғни №330, №339, №347, №341, №343, №360 учаскелік сайлау комиссияларына бір орынға бір кандидаттан өз кандидатураларыңызды ұсынуларыңызды сұраймыз.
Сіздер өз тараптарыңыздан 2024 жылдың қазан айының 31-не дейін жоғарыдағы аталған сай­лау комиссияларына өз канди­даттарыңыздың тізімі мен қажетті құжаттарын ұсына аласыздар. Атап айтқанда:
1. Кандидатты тиісті сайлау комис­сиясының құрамына ұсыну туралы саяси партияның және өзге де қоғамдық бірлестіктердің, олардың құрылымдық бөлімшелерінің органдары отырысының хаттамасынан үзінді.
2. Саяси партияның және өзге де қоғамдық бірлестіктерінің, олардың құрылымдық бөлімшелерінің әділет органдарына тіркелгендігі туралы құжаттардың көшірмесін.
3.Кандидаттың сайлау комиссия­сының жұмысына қатысуға келісімі туралы өтініші қоса жіберіледі.
Т.Рысқұлов аудандық мәслихаты аппаратының мекенжайы: Құлан ауылы, Жібек жолы көшесі №75. Байланыс телефондары: 2-12-23, 2-12-76. Электрондық пошта: E-mail: masl.t.ryskulova@mail.ru.

Аудандық мәслихат аппараты.

Поделиться ссылкой: