Дөңгелек үстел өтті

85 Views

Жақында Көгершін ауылдық мәдениет үйінде жас жеткіншектерді адамгершілік, отаншылдық секілді ізгі қасиеттерге баулып, оларды қоғамда орын алып жатқан жат мінез құлықтардан сақтандыру мақсатында «Жастар және қылмыс» деген тақырыпта дөңгелек үстел өтті. Бұл дөңгелек үстел жиыны Көгершін ауылдық мәдениет үйі қызметкерлерінің ұйымдастыруымен өтті.

Шараға Көгершін ауылдық ақсақалдар алқасының төрағасы С.Өтегенов, билер кеңесінің төрағасы Н.Таукенов, полиция капитаны Ғ.Күмісбек, мектеп инспекторы Н.Ахметов, Ақтоған орта мектебі директорының құқықтық тәрбие ісі жөніндегі орынбасары А.Тұрманбетова, осы мектептің тәрбие ісі жөніндегі орынбасары С.Ахметова, психолог маман Д.Смайлова қатысты. Шара барысында қазіргі кезде жастар арасында көбейіп кеткен қылмысқа «Жас жеткіншектердің баруына не себеп және қылмыстың соңы неге апарады?» деген сұрақ төңірегінде қызу талқы болды. Шара соңында жиынға қатысушылар құқықбұзушылықтың салдары түбінде абырой әкелмейтінін айтты.

«Құлан таңы» ақпарат.

Поделиться ссылкой: