МӘМС жүйесінде «сақтандырылған» мәртебесін алудың үш тәсілі

88 Views

«Міндетті әлеуметтік медициналық сақтандыру туралы» Заңға сәйкес МӘМС жүйесінде медициналық көмекке құқық алу үшін 12 ай ішінде үздіксіз төлемдердің болуы қажет. Бүгінгі таңда МӘМС жүйесінде сақтандыру мәртебесін алудың 3 жолы бар. Бұл туралы «Әлеуметтік медициналық сақтандыру қоры» КЕАҚ Жамбыл облысы бойынша филиалының директоры Гайни Аймағанбетова толығырақ айтып берді. Бірінші тәсілі – алдыңғы айларға төлем. Егер Cіз бұрын ресми түрде жұмыс істемеген болсаңыз, онда жұмысқа орналасу алдында МӘМС-ке өткен айлар үшін төлем жасаған жөн. Бір мысал келтірейін. Егер қызметкер жұмысты ағымдағы жылдың қазан айында бастаса, онда төлемдер 2023 жылдың қыркүйегінен бастап 2024 жылдың тамыз айын қоса алғанда дербес төлеуші ретінде төлеу қажет.
Егерде Сізде бірнеше төленбеген ай болса, Сізге олар үшін әлдеқайда аз мөлшерде төлем жасап, мәртебені алу тиімді болады. Бірақ осыдан кейін мәртебеңізді жоғалтпау үшін ай сайын жарналарды төлеуді ұмытпаңыз.
2023 жылы МӘМС-ке дербес төлеуші ретінде ай сайынғы жарналар сомасы 3500 теңгені және 2024 жылы — 4250 теңгені құрайды.
Екіншісі – 12 айға алдын-ала төлеу. Бұл әдісті «сақтандырылған» мәртебесі бар азаматтар да, сондай-ақ, жүйеге ешқашан төлем жасамаған барлық дербес төлеушілер пайдалана алады.
Алдағы 1 жылға төлем жасағыңыз келсе, ағымдағы айдан бастап барлығы 12 айға жеке жеке әр айды, жылын көрсетіп төлеу керек. Егер ағымдағы айдың аяқталуына шамалы күндер қалса немесе осы айда медициналық көмекке жүгінуді жоспарламасаңыз, төлемді келесі айдан бастап жасаған жөн. Сонда Сіз бір жыл бойы сақтандырылған боласыз.
Жүйе төлемдерді дұрыс есептеу үшін жарналар әр ай үшін бөлек төленеді. Төлем жасау кезінде ЖСН, төлем енгізілетін ай мен жылды дұрыс көрсету маңызды.
Жарналарды 3 жұмыс күн ішінде төлегеннен кейін жүйеге төлемдердің түсуін және мәртебенің берілуін тексеру қажет.
Мәртебені алудың үшінші жолы – азаматтардың жеңілдетілген санаты арқылы.
2020 жылғы 1 қаңтардан бастап МӘМС жүйесі енгізіле отырып, мем­лекет азаматтардың 15 жеңілдікті са­наты үшін ай сайын жарналар төлейді.
Егер Сіз, мысалы, ресми жұмыссыз, мүгедек, студент болсаңыз немесе басқа жеңілдікті санатқа жатсаңыз, МӘМС жүйесіндегі мәртебеңіз «сақтандырылған» болуы керек. Тізіммен Әлеуметтік медициналық сақтандыру қорының msqory.kz. ресми сайтында танысуға болады.
Егер де Cіз азаматтардың же­ңіл­­детілген санаттарының қа­та­рына кірсеңіз, бірақ мәртебеңіз «сақ­тан­ды­рылмаған» болса, «Qoldau-24/7» мо­бильді қосымшасы арқылы уақыт­ша мәртебені (1айға) ала аласыз. Қосымша арқылы Қорға растайтын құжаттың фотосуретін жіберіңіз. Сізге бір айға «сақтандырылған» мәр­тебесі берілгеннен кейін тиісті хабар­лама жіберіледі. Бір ай ішінде сақтан­ды­рылған азаматтарға МӘМС пакетінің қыз­меттері қолжетімді болады. Сондай-ақ, бұл мерзім науқасқа өзінің жеңілдік мәртебесін қалпына келтіру үшін беріледі.

«Әлеуметтік медициналық сақтандыру қоры»
КЕАҚ Жамбыл облысы бойынша филиалы.

Поделиться ссылкой: