Өз өлкеңді танисың ба?
49 Views«Өзгені тану үшін алдымен өзіңді тани біл» деген жалпы адамзаттық қағида ең алдымен туған өлкенің тарихына үңілуді талап етеді. Осы орайда, жақында аудан орталығындағы…
Мемлекеттік тілдің қолдану аясын кеңейту – бүгінгі таңдағы өзекті мәселе. Өйткені тіл – Туымыз, Елтаңбамыз, Әнұранымызбен қатар біздің еліміздің басты белгілерінің бірі болып саналады.
Тіл қай елде болсын қастерлі, қасиетті, құдыретті. Тіл байлығы әрбір елдің ұлттық мақтанышы. Қазақ тілі – халқымыздың рухани байлығы, атадан балаға, ұрпақтан-ұрпаққа мирас болып қалып отырған асыл мұра.
Қазақ тілі түркі тілдердің ішіндегі ең таза әрі бай тілге жатады. Конституциямыздың жетінші бабының бірінші тармағында: «Қазақстан Республикасындағы Мемлекеттік тіл – қазақ тілі» деп анық жазылған.
Қазіргі таңдағы басты мақсат-мемлекеттік тілдің қолданыс аясын кеңейту, мемлекеттік тілдің мәртебесі мен маңызын кеңінен насихаттау, өзге ұлт өкілдері арасында қазақ тілін білу деңгейін көтеру және оқып үйренуге деген ықыласы мен қызығушылығын арттыру, патриоттық сезімін ояту.
Қазақ тілінің мемлекеттік тіл ретінде еліміздегі этнос өкілдерін біріктіретін үлкен мүмкіндігі бар. Мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Тоқаев өзінің Қазақтан халқына арнаған Жолдауында да мемлекеттік тілдің қолданыс аясын арттырудың маңызын атап өткені баршамызға белгілі. Сондықтан ана тіліміздің әлеуетін көтеру арқылы қазақ тілінің этносаралық қатынас құралына айналдыруға әрқайсымыз үлесімізді қосуымыз керек.
Бүгінде еліміздегі əрбір ұлт өкілдерінің салт-дəстүрлерін жаңғыртуға, мəдениеті мен əдебиетін дамытуға, тілінің жетілуіне тең қамқорлық көрсетілген. Қазақстан Республикасының тіл саясаты мемлекеттік тілді дамытуға және республикада қолданылатын өзге де тілдер үшін жағдай жасауға бағытталған.
Бір тілде сөйлеген халықтың ынтымағы артады. Тіл мен қарым-қатынас біріккенде ғана сыйластық, достық, адамгершілік пайда болады. Мемлекеттік тілді меңгеру елдің бірлігін білдіреді. Сонда мемлекеттік тіл – татулық тірегі болады деп айтамыз.
Мемлекеттік тілдің қолданылу аясын кеңейту мен оның бәсекеге қабілеттілігін арттырудың маңыздылығы күн санап артып келеді. Мемлекеттік тіл үшін күресу заңға қайшы емес. Қазақ тілінің мәртебесін көтеру – әр азаматтың парызы. Мемлекеттік ана тіліміздің қадірін біліп, қазақ тілімізде дұрыс сөйлесе білу – әрбір Қазақстан Республикасы азаматының міндеті деп білемін.
С.Узбеков,
Тұрар Рысқұлов аудандық сотының судьясы.