Улы газдан сақтан!

54 Views

Ауа райы суытқан кезде тек өрт емес, кей кездері адамның өліміне әкеліп соғатын улы газдан улану жағдайларының саны өседі.
Аудандық Төтенше жағдай бөлімі қауіп-қатердің алдын алу мен зардап шеккен кездегі іс-әрекет тәртібін хабарлайды. Улы газды әдетте «зұлым жанал­ғыш» деп те атайды. Өйткені оның түсі де, иісі де жоқ. Қаза болған адам оны сезбей кетеді. Оған қоса, газ ауамен араласып, өзінің улағыш қасиетін жоғалтпаған күйі тез тарайды.
Улы газдан уланудың белгілері.
Көп жағдайда улы газдан улану көмірмен немесе газбен жағылатын пештерді, қазандықтарды дұрыс пайдаланбаудан туындайды. Адамға дер кезінде көмек көрсету үшін уланудың негізгі белгілерінен хабардар болу қажет. Улы газ – иіссіз болғандықтан, тыныс алу ауасының құрамында 0,08% көмірқышқыл газы араласқан кезде, адамның басы ауырып, тұншығу белгілері сезіліп, улануы мүмкін. Көмірқышқыл газының концентрациясы 0,32% дейін жоғарылаған кезде сал ауруының белгілері байқалып, есінен тану жағдайлары болады.
Концентрация1,2% асқанда 2-3 тыныс алудан кейін адам есінен танып, кемінде 3 минуттан кейін жазатайым жағдайға тап болуы мүмкін.
Улы газдан улану кезіндегі көмек.
Мұндай жағдайда зардап шегушіге дәрігерге дейін көмектің дұрыс көрсетілуі өте маңызды. Ол үшін алдымен уланған адамды таза ауаға шығарып, аяғын сәл көтеріңкі күйде жатқызып, денесін тар киімнен босатып, мүсәтір спиртін иіскетіңіз. Егер адам есін біліп жатса, оған тыныштық және үзіліссіз оттегі қажет. Мысалы, газетпен желпуге немесе желдеткіш қосуға болады. Ал зардап шегуші дем алмай жатса, алдымен тыныс алу жолдарын тазалап жасанды дем беру қажет. Және жедел жәрдем қызметін шақырыңыз. Ондай мүмкіндік болмаған жағдайда өмірлік маңызды функциялары қалыпқа келгеннен соң зардап шегушіні емдеу мекемесіне жеткізуге тырысыңыз.
Есіңізде болсын! Уланған адамды қауіпті газ концентрациясы бар жерден алып шығу кезінде өзіңіз бірге уланып қалмас үшін бірінші кезекте өз қауіпсіздігіңізді қамтамасыз ету қажет. Ол үшін тез әрекет етіп, қол орамалы немесе дәке арқылы тыныс алу керек.
Улы газдан уланудың алдын алу.
Расында, қарапайым қауіпсіздік шараларын барлығы да біледі. Дегенмен, улану орын алуда. Демек, кейбір адамдар үшін жаттанды әрі баршаға мәлім қағидаларды қайталауға тура келеді:
– тек жарамды жабдықтарды қолданыңыз. Пеш қалауларындағы жарықтар, тазаланбаған түтін тұрбасы, сол сияқты ұсақ-түйектер ауыр зардаптарға әкелуі мүмкін;
– пештер мен каминдерді қағи­даларға сәйкес қолданыңыз. Желдету жүйесінің жұмысына жүйелі түрде тексеру жүргізіп, түтін тұрбаларын уақтылы тазалаңыз. Пештер мен каминдерді қалауда тек кәсіпқой мамандарға жүгініңіз;
– автокөлік иелері көлікжайда (гараж­да) қозғалтқыш бөлігін қосулы күйде жұмыс жасамаңыз.
Құрметті азаматтар! Жоғарыда айтылған ережелерді толық сақтаған абзал.

Аудандық Төтенше жағдайлар бөлімі.

Поделиться ссылкой: