107 Views
Қазіргі таңда әр ауылдық округтердегі мешіттердің жанынан асханалар салынып жатыр. Мұндай игілікті істер ауылдың ауызбіршілігі мен бірлігін көрсетеді. Дәл осындай көріністі өткен аптада Каменка ауылынан да көріп, байқадық. Естеріңізде болса, осыдан 1-2 жыл бұрын біз газетімізде кәсіпкер Мақсат Құрамысовтың демеушілігімен Каменка ауылындағы «Бәйдібек баба» мешітінің жанынан асхана құрылысының басталғанын жазған едік. Мінеки, араға уақыт салып, «Бәйдібек баба» мешітінің жанынан бой көтерген жаңа асхананың да құрылысы толығымен аяқталып отыр. Өткен аптада осы асхананың ашылу рәсімі өтіп, оған аудан әкімінің орынбасары Ерғазы Еспенов, Қарақыстақ ауылдық округінің әкімі Серік Дәлібаев, аудандық ардагерлер және Қоғамдық кеңестің төрағалары Қожайхан Бижанов пен Шорабек Атабаев қатысып, ізгі тілектерін білдірді. Және осы қуанышты жиынға жиылған ауыл тұрғындарының алдында Қожайхан Бижанов пен Шорабек Атабаев жаңа асхананың лентасын салтанатты түрде қиды. Каменкалық тұрғындар талай іске бастамашы болып, жоқ-жітікке қол ұшын созып жүрген жомарт азамат, кәсіпкер Мақсат Құрамысовқа осындай сәулеті келісті жаңа асхананы салып бергені үшін ризашылықтарын білдіріп, оған ат мінгізді. Салтанатты рәсімнен соң жаңа асханада Құран оқылып, ас берілді.
Марат Жолдасбекұлы.
Поделиться ссылкой: