Өз өлкеңді танисың ба?
50 Views«Өзгені тану үшін алдымен өзіңді тани біл» деген жалпы адамзаттық қағида ең алдымен туған өлкенің тарихына үңілуді талап етеді. Осы орайда, жақында аудан орталығындағы…
Біздің газет грек-рим күресінен ұлттық құраманың мүшесі, жерлесіміз Ержет Жарылқасын туралы кө-ө-ө-ө-ө-ө-ө-ө-п жазды. Абай ауылында дүниеге келген Ержеттің атақ-даңқы бір басына жетіп артылады. Ол грек-рим күресінен ҚР чемпионы, талай халықаралық додаларда атой салып жүрген шымыр әрі білекті жігіт. Ержеттің былтыр Бішкек қаласында өткен Азия чемпионатында қарсыластарын қоғадай жапырып, Азия чемпионы атанғанын білеміз. Мұқым қазақ көрді сол жеңісті. Ержет Жарылқасын жақында Албанияның астанасы Тиранада күрес түрлерінен өткен Әлем чемпионатында да ерледі. Ержетіміз осы байрақты додада күміс медаль еншіледі. 63 келі салмақ дережесінде белдескен жерлесіміз бастапқы бәсекелерде польшалық Михал Трач пен франциялық Стефан Клементті қапы қалдырды. Одан кейін Еуропа біріншілігінің күміс медаль иегері, ресейлік Садық Лалаевпен белдесті. Лалаевтың Ержетімізге шамасы жетпеді. Ержет оны қарсылас құрлы көрмей, тасқан-талқан етіп ұтты. Финалда жерлесіміз әзербайжандық, Еуропа чемпионы деген дардай атағы бар Нихат Мәмедлиге есе жіберіп, күміс медальды еншіледі. Біз ол белдесуді көрдік экраннан. «Ерсің сен!» деген сөзді Ержетке айтсақ жарасады. Ол біздің ауданның мақтанышы. Ержет жас балуан. Потенциалы да жоғары. Оның әлі талай Әлем чемпионаттарында топ жаратынына сеніміз мол.
Марат Диханбай.