Кез келген құрылыста сапа болу керек

38 Views

Осы аптада аудан әкімі Ернар Есіркепов Құлан ауылдық округінде жүзеге асырылып жатқан бірқатар маңызды жобаларды зерделеді.

Атап айтқанда, Шөңгер мен Құлан ауылдарындағы су имараттарының құрылысы, «Арай» тұрғын үй алқабындағы көпқабатты үйлердің ауласы, сондай-ақ, И.Панфилов көшесіндегі көпқабатты үйлердегі күрделі жөндеу жұмыстарының барысы зерделеніп, шаралардың сапалы және мерзімді орындалуы тапсырылды. Сонымен қатар аудан басшысы жекелеген кемшіліктер бойынша жауапты мердігерлер мен тиісті тұлғаларға оларды тез арада түзетуді міндеттеді.

Аудан әкімінің
баспасөз қызметі.

Поделиться ссылкой: