137 Views
Көгершін ауылдық округі әкімі лауазымына үміткер Абай мелдебекұлы
Төреқұловтың өмірбаяны мен сайлауалды бағдарламасы
Өмірбаяны
Төреқұлов Абай Мелдебекұлы 1962 жылдың 6 желтоқсанында Көгершін ауылында дүниеге келген. 2014 жылы Құлан агротехникалық колледжін «Ветеринария» мамандығы бойынша, 2023 жылы Қазақ ұлттық аграрлық университетін «Ветеринария» мамандығы бойынша бітірген.
Еңбек жолын 1980 жылы «Луговой жылқы зауытында» жылқышы болып бастаған. 1981-1983 жылдары кеңес әскері қатарында болып, азаматтық борышын өтеген. 1983-1989 жылдары ҚР ішкі істер министрлігінің Тараз қалалық патрульдік посттық қызметінде инспектор, 1989-1997 жылдары Луговой аудандық тұтынушылар одағының жабдықтаушысы, 2002-2009 жылдары «Луговой жылқы зауыты» ЖШС директорының орынбасары, 2014-2017 жылдары «Құлан мал дәрігері» ШЖК КМК-нің ветеринар маманы, 2017-2018 жылдары Көгершін ауылында бас ветеринар маман болып еңбек еткен. 2018-2019 жылдары Көгершін ауылдық округінің әкімі болып қызмат атқарған. 2019-2021 жылдары «Құлан мал дәрігері» ШЖҚ КМК директорының орынбасары, 2021 жылдан бері Көкдөнен ауылында ветеринар маманы болып еңбек етіп жүр.
Отбасылы. 2 ұл, 2 қызы бар.
Сайлауалды бағдарламасы
Құрметті сайлаушылар! Көгершін ауылы мен үшін бөтен ауыл емес. Мен де осы ауылдың перзентімін. Құдайға шүкір, ауылымыздың әлеуметтік-экономикалық әлеуеті жыл өткен сайын артып келеді. Білесіздер, соңғы жылдары Көгершін ауылында екі бірдей жаңа нысан ашылып, пайдалануға берілді. Оның біріншісі – спорт кешені болса, екіншісі – мәдениет үйінің ғимараты. Ауылда ауызбіршілік болса, көп мәселе рет-ретімен шешімін табады.
Білесіздер, мен 2018-2019 жылдары ауылда әкім болдым. Сол жылдары өздеріңізбен бірлесіп, ақылдасып, көп мәселеге ұйытқы болдық. Осы жолы белді бекем буып, сіздердің сенімдеріңізге ие боламын деген ниетпен осы лауазымға өз кандидатурамды ұсынып отырмын.
Сіздер мені Көгершін ауылдық округінің әкімі лауазымына сайлаған жағдайда бойымдағы бар қасиеттерді, өз тәжірибемді пайдалана отырып, Көгершін ауылындағы төмендегідей әлеуметтік проблемаларды оң шешуге күш-жігерімді жұмсайтын боламын.
1. Көгершін ауылындағы басты проблеманың бірі – ауыз су мәселесінің шешімін табуға және оң шешім шығуына ықпал ету.
2. Көгершін ауылының азаматтарының талап-өтініштерін аяқсыз немесе жауапсыз қалдырмау.
3. Көгершін ауылдық округіне бөлінген қаржының талаптарға сай жұмсалғанын тұрақты бақылауда ұстау.
4. Ауыл мектебі мен балалар бақшасының, ауылдық дәрігерлік амбулаторияның жұмысын талаптарға сай сапалы ұйымдастырылуын тұрақты бақылауда ұстау.
5. Көгершін ауылының мал жайылымын ретке келтіру.
6. Ауылішілік көшелерге жарықшамдар орнатуға ықпал ету.
7. Ауылдағы құқық бұзушылық пен мал ұрлығының алдын алу, жастарымызды түрлі заң бұзушылықтардан сақтандыру үшін ауыл тұрғындары, ақсақалдар кеңесі, полиция қызметкерлерімен бірге жүйелі жұмыстарды ұйымдастыру.
6. Ауылішілік агроқұрылымдарды ретке келтіру басты миссиям деп білемін.
Құрметті ауыл тұрғындары, қадірлі сайлаушылар! Біздің күшіміз – бірлікте! 24-ші қараша күні жүрек қалауымен өз таңдауларыңызды жасауға шақырамын!
Поделиться ссылкой: