Өз өлкеңді танисың ба?
49 Views«Өзгені тану үшін алдымен өзіңді тани біл» деген жалпы адамзаттық қағида ең алдымен туған өлкенің тарихына үңілуді талап етеді. Осы орайда, жақында аудан орталығындағы…
Жақында Құлан ауылындағы «Бұқаралық іс-шараларды өткізу орталығы» КММ-сінде ұлағатты ұстаз, жоғары санатты мұғалім, бапкер, грек-рим күресінен Қазақстанның үш дүркін жеңімпазы, халықаралық турнирлердің бірнеше дүркін жүлдегері, КСРО спорт шебері, қазақ күресінен «Түйе балуан» атанған, «Дене шынықтыру мен спортты дамытуға қосқан үлесі үшін» төсбелгісінің иегері, спортқа талай шәкірт баптап қосқан Тұрархан Саткеновтің жүлдесіне арналған 2011-2013 жылғы туылған жасөспірімдер арасында еркін күрестен облыстық ашық турнир өтті. 2 күнге жоспарланған облыстық ашық турнирдің ашылу рәсіміне аудан әкімінің орынбасары Ерғазы Еспенов, аудандық мәслихаттың төрағасы Ербол Әбутәліпов, аудан әкімдігі спорт және дене шынықтыру бөлімінің басшысы Ерлік Шабеев, спорт ардагері Ұланбек Омарбеков және де Тұрархан Саткеновтің жора-жолдастары, шәкірттері, ауылдастары қатысып, сөз сөйледі. Тіпті осы турнирге Алматы қаласынан кезінде Тұрархан Саткеновті баптаған жаттықтырушы ағайы да келіп, ақжарма тілегін жеткізді.
Ұлағатты ұстаз, бапкер Тұрархан Саткеновтің аудан спортына сіңірген еңбегі зор. Оның еңбегін ешкім жоққа шығармайды. Ол жаттықтырған талай шәкірт спортта жақсы нәтижелерге қол жеткізді. «Еңбегі зор»деп айрықша атауымыздың себебі сол. Сол еңбегі бағаланып, мінеки, турнир ұйымдастырылып отыр. Оны аудан әкімінің орынбасары Ерғазы Жұмабекұлы атап өтіп, Тұрархан Саткеновке аудан әкімінің «Алғыс хатын» табыстады. Содан соң аудандық мәслихаттың төрағасы Ербол Абақұлы да сөз сөйлеп, Тұрархан Саткеновтің иығына қазақы оюмен әдіптелген шапанмен қоса, «Тұрар Рысқұлов ауданының Құрметті ардагері» деген төсбелгіні табыс етті. Турнирге арнайы шақырылған өзге қонақтар да жақсы пікірлерін білдіріп, Тұрархан Саткеновтің нағыз еңбекқор, адал, өз ісінің майталманы екенін тілге тиек етті.
Турнирдің 2 күнге созылғанын жаздық. Осы арада айта кетуіміз керек, Тұрархан Саткеновтің жанұясы өте ұйымшыл екен. Бірліктері жарасымды. Осы турнирде Тұрархан Саткеновтің жанұясы тік тұрып қызмет етті. Әрбір келген қонақты жылы шыраймен қарсы алып, турнирдің жоғары деңгейде өтуіне үлкен септігін тигізді. Турнирге облысымыздың әр аудандарынан бөлек, Тараз, Алматы, Қырғызстанның астанасы Бішкек қаласынан да жасөспірім балуандар келіп, бақ сынады. 2 күнге созылған облыстық ашық турнирдің қорытындысы мынадай. 32 келі салмақ дәрежесінде жүлделі III орындарды Әбдіберік Әсет (Алаш), Рамазан Аман (Меркі), жүлделі II орынды Нұрасыл Уралбай (Қордай) жүлделі I орынды Бақытжан Омар (Тараз), 38 келі салмақ дережесінде жүлделі III орындарды Исламбек Байсалбеков (Шаңырақ), Байнұр Асан (Қордай), жүлделі II орынды Рамазан Төрехан (Жуалы), жүлделі I орынды Нұрали Бақтиярұлы (Шаңырақ), 44 келі салмақ дәрежесінде жүлделі III орындарды Ұлан Көшербай (Жуалы), Әділет Бейсенбек (Құлан), жүлделі II орынды Нұрислам Бадан (Құлан), жүлделі I орынды Аршын Елеубек (Шаңырақ), 52 келі салмақ дәрежесінде жүлделі III орындарды Дінмұхамед Қалдан (Жуалы), Әділет Бейсенбек (Құлан), жүлделі II орынды Дияс Тұрархан (Интернат), жүлделі I орынды Батырхан Қарақыстақбай (Интернат), 62 келі салмақ дәрежесінде жүлделі III орындарды Акбар Келдибеков (Бішкек), Сырым Баушыбай (Құлан), жүлделі II орынды Санжар Дурсунов (Алаш), жүлделі I орынды Найль Зейналов (Қордай) иеленді. Бұл турнирдің алғашқы күні болған нәтиже. Екінші күні мына салмақтағы жасөспірім балуандар белдесті. Оның нәтижесі мынадай. 35 келі салмақ дережесінде жүлделі III орындарды Нұржан Абдуәлі (Құлан), Алинұр Бауыржан (Тараз), жүлделі II орынды Жәнібек Абдрашов (Интернат), жүлделі I орынды Дінислам Меркібек (Құлан), 41 келі салмақ дәрежесінде жүлделі III орындарды Ақылжан Абуталип (Құлан), Мухамедали Сулейманов (Байзақ), жүлделі II орынды Марғұлан Үмбет (Құлан), жүлделі I орынды Ерасыл Нұрғали (Шаңырақ), 48 келі салмақ дәрежесінде жүлделі III орындарды Мирас Қуаныш (Құлан), Бегназар Маратбек (Құлан), жүлделі II орынды Ғани Ислам (Құлан), жүлделі I орынды Элдар Аббасов (Интернат), 57 келі салмақ дережесінде жүлделі III орындарды Самат Үшкемпір (Абай), Амир Убайдулла (Байзақ), жүлделі II орынды Жан Бақтыбай (Құлан), жүлделі I орынды Ерназар Тұрғын (Құлан), 68 келі салмақ дәрежесінде жүлделі III орындарды Мағжан Әліппай (Жуалы), Ерасыл Медеубек (Жуалы), жүлделі II орынды Алижан Атамқұл (Құлан), жүлделі I орынды Санжар Сейітқыран (Құлан) иеленді. Жеңімпаз бен жүлдегер атанған жасөспірім балуандарға мақтау грамоталары, медальдар табыс етілді.
Марат Диханбай.