Өз өлкеңді танисың ба?
49 Views«Өзгені тану үшін алдымен өзіңді тани біл» деген жалпы адамзаттық қағида ең алдымен туған өлкенің тарихына үңілуді талап етеді. Осы орайда, жақында аудан орталығындағы…
Аудан әкімі Ернар Есіркепов Абай ауылдық округінде құрылысы жүріп жатқан ұзындығы 12,3 шақырымды құрайтын «Қарақат» су каналының жұмыс барысын зерделеді. Аталған жоба екі жылға жоспарланып, ағымдағы жылдың маусым айында құрылысы басталған болатын. Ал бүгінге су каналының 80% жұмысы аяқталып отыр. Жобалық құны 1 миллиард теңгені құрайтын бұл жоба сәтті іске асқан жағдайда, аталған жерасты су каналы пластмасс құбырлар арқылы 500 гектардан астам суармалы алқапқа су көлемін шығынсыз жеткізетін болады. Одан бөлек, қазіргі таңда аудандағы 5 су каналын күрделі жөндеуден өткізуге жобалық-сметалық құжат әзірленіп, әртүрлі мемлекеттік бағдарламалар арқылы қаржыландыруға ұсынылып отыр. Аудан басшысы өз сөзінде бұл қадам болашақта ағын суды тиімді игеріп қана қоймай, аудан шаруаларының техникалық дақылдар мен бау-бақшаларды, сондай-ақ, көкөністерді игеруіне мол мүмкіндік туғызып, азық-түлік бағасын тұрақтандыруға да септігін тигізетіндігін атап өтті.
Аудан әкімінің баспасөз қызметі.