Тұрғындарды жеке сұрақтарымен қабылдады

49 Views

Өткен аптада аудан әкімі Ернар Есіркепов бекітілген кестеге сәйкес, аудан тұрғындарын жеке қабылдады.
Қабылдауға Құлан, Луговой, Қарақыстақ, Өрнек, Құмарық, Ақыртөбе, Көгершін ауылдық округтерінің тұрғындары келіп, жеке және қоғамға ортақ мәселелерді көтерді. Атап айтар болсақ, қабылдауға келгендер жер теліміне қол жеткізу, жұмыспен қамту, кәсіпкерлікті дамыту, кәсіптік білім ошағын ашу және материалдық көмектер алу бағытында сауалдар қойды.
Аудан басшысы барлық сұрақтарға жауап беріп, көтерілген мәселелер мемлекеттік бағдарламаларға сүйене отырып, тек қана заң аясында шешілетінін айтты.
Сондай-ақ, аудан басшысы Ернар Серікәліұлы жауапты тұлғаларға мәселелерді шешу жолдарын қарастырып, жан-жақты зерделеп көруді тапсырды.

«Құлан таңы» ақпарат.

Поделиться ссылкой: