Республикалық конкурс өтті

53 Views

Жақында Құлан агро­техни­­ка­лық жоғары колледжінде респуб­лика­дағы ауыл шаруашылығы секторын дамыту жағдайында ауыл шаруашылығы саласындағы ТжКОБ ұйым­дарының талантты педагогтерін анықтау әрі қол­дау мақсатында техникалық және кәсіптік, орта білімнен кейінгі білім беру ұйымдарының педагогтері арасында ауыл шаруашылығы саласы бойынша дәстүрлі ІV республикалық кәсіби шеберлік конкурсы өткізілді.
Конурсқа Қазақстанның 13 облысы мен Алматы қаласының 15 колледжінен ветеринария және агрономия мамандықтары бойынша 18 педагог қызметкері және 13 компатриот қатысты.
Конкурс 08110100-Агрономия және 08410100-Ветеринария мамандықтары бойынша теориялық, практикалық екі кезеңде өткізілді:
1 кезең – теориялық, 2 модульден тұрады.
1.Модуль – мамандық бойынша тестілеу.
2. Модуль – ауыл шаруашылығы саласының стандарттарын анықтау бойынша тәжірибелік жұмысты орындау кезіндегі іс-қимылдардың бірізділігін құрастыру.
2 кезең – практикалық, 4 модульден тұратын тапсырмаларды орындау.
Конкурс тапсырмаларының мазмұны конкурста берілетін практикалық тапсырмаларды орындауды көздеді. Конкурс маманның өз бейіні бойынша кәсіби құзыреттілігін бағалауға мүмкіндік берді. Конкурстың теориялық кезінде арнайы пәндер бойынша сұрақтарды қамтитын тест сұрақтарына жауап берілді және тәжірибелік жұмысты орындау кезіндегі іс-қимылдардың бірізділігін құрастыру тапсырмалары орындалды.
Конкурстың практикалық кезеңі әрбір модуль бойынша бір немесе бірнеше тапсырмадан тұрды. Және жұмыстарды бағалауда келесі аспектілер ескерілді. Іс-қимылдардың дәйектілігі, орындаудың дұрыстығы, сала стандарттарының талаптарының сақталуы, орындалу уақыты, өз іс-қимылдарының негіздемесі. Әділқазылар алқасының байқауға қатысушылардың кәсіби шеберлігін бағалауы электронды түрде жүргізілді. Әділқазылар алқасының бағалау қорытындысы бойынша лайық деп табылған үміткерлер арнайы дипломдармен марапатталды.

Г.Маханбетова,
Құлан агротехникалық жоғары колледжі директорының орынбасары.

Поделиться ссылкой: