Өз өлкеңді танисың ба?
49 Views«Өзгені тану үшін алдымен өзіңді тани біл» деген жалпы адамзаттық қағида ең алдымен туған өлкенің тарихына үңілуді талап етеді. Осы орайда, жақында аудан орталығындағы…
Жуырда Луговой ауылындағы Тұрар Рысқұлов атындағы мектеп-лицейінде Әбілхан Қастеевтің 120 жылдық мерейтойына орай «Мирас болған мол мұра» деген тақырыпта аудандық конференция өтті. Бұл конференция аудандық білім бөлімінің іс-шаралар жоспарына сәйкес ұйымдастырылды.
Жалпы, Ербол Кайпулдаев басшылық ететін Тұрар Рысқұлов атындағы мектеп-лицейінің ұжымы қандай да бір іс-шара өткізсе, оған тыңғылықты дайындалатынын білеміз. Әбілхан Қастеевтің 120 жылдық мерейтойына орай ұйымдастырылған конференцияны да аталмыш мектеп-лицейдің көркем эстетика пән бірлестігі жоғары деңгейде өткізді. Конференцияның шымылдығы Тұрар Рысқұлов атындағы мектеп-лицейінің «Жұлдыздар» хор үйірмесі оқушыларының орындауындағы әсем әнмен ашылды. Яғни Тұрар Рысқұлов атындағы мектеп-лицейінің музыка пәнінің мұғалімі Гүлайым Батракова жетекшілік ететін «Жұлдыздар» хор үйірмесінің оқушылары «Туған жерім кең далам», «Ұстазым» әндерін орындады. Содан соң Тұрар Рысқұлов атындағы мектеп-лицейінің директоры Ербол Кайпулдаев пен аудандық білім бөлімінің әдіскері Назгүлім Дарханбекова сөз сөйлеп, Әбілхан Қастеевтің қазақ бейнелеу өнеріне елеулі үлес қосқан тұғырлы тұлға екенін жеткізді. Одан кейін Тұрар Рысқұлов атындағы мектеп-лицейінің көркем еңбек пәндерінің мұғалімдері Айгүл Еркімбекова «Әбілхан Қастеев – қазақ бейнелеу өнерінің көшбасшысы», Лаура Мұсаева «Әбілхан Қастеев – өнердің шыңындағы ұлы тұлға» деген тақырыптарда баяндама жасады. Тұрар Рысқұлов атындағы мектеп-лицейінің оқушылары Сымбат Сатыбалды, Аймира Амангелді, Айару Абдижалил арнау өлеңдерін жатқа оқып берді. Содан соң Лаура Мұсаеваның жетекшілігімен 5-9 сынып оқушылары арасында «Әбілхан Қастеевтің стилінде сурет салу» тақырыбында шығармашылық шеберлік сынып көрмесі өтті.
Бұдан кейін Әбілхан Қастеев атындағы мемлекеттік өнер мұражайының тарихына көркем еңбек пәнінің мұғалімі Сағидолла Омаров шолу жасады. Конференция соңында Әбілхан Қастеевтің балалық шағынан «Шаңырақ» үйірмесінің оқушылары көрініс қойып, бұл көрініске конференцияға келген қонақтар жақсы пікірлерін білдірді.
М.аятберген.