Бала тәрбиесі – басты назарда

59 Views

Адалын айту керек, соңғы жылдары аудандық ардагерлер ұйымының жанынан құрылған әкелер мен аналар кеңесінің атқарып отырған жұмыстары көз қуантады. Кеңес мүшелері сәт сайын жиын ұйымдастырып, онда өзекті мәселелерді талқылап келеді. Соның басым бөлігі бала тәрбиесіне бағытталуда.
Өткен аптада аудандық Мэлс Өзбеков атындағы мәдениет үйінің «Рухани жаңғыру» жобалық офисінде кеңес мүшелерінің қатысуымен «Ұлт рухының ұясы – ауыл анасы» атты тақырыпта форум өтті. Оған аудандық ардагерлер Кеңесінің төрағасы Қожайхан Бижанов, аудандық аналар кеңесінің төрайымы Түзел Алагөзова бастаған бірқатар аналар мен жастар қатысты. Сондай-ақ, жиынға құрметті қонақ ретінде психолог маман Марал Хантөреқызы қатысып, ортақ мәселелерді ортаға салды.
Жоғарыда атап өткеніміздей, жиында бала тәрбиесі кеңінен талқыланып, ондағы өзекті мәселелерді шешу жолдары қарастырылды.

«Құлан медиа» ақпарат.

Поделиться ссылкой: