57 Views
Жақында Мэлс Өзбеков атындағы аудандық мәдениет үйінде «Ұлы халықтың – ұлы Абайы» деген тақырыпта байқау өтті. Байқаудың мақсаты – ауданымыздағы түрлі этнос өкілдері арасында Абай Құнанбайұлының шығармаларын насихаттау.
Байқау жеңімпаздары мен жүлдегерлерін қазылар алқасының құрамы орындау шеберлігі, тақырыптық ерекшелік, сахна мәдениеті, репертуар таңдау талғамы, музыкалық және көркемдік үйлесімділік сынды талаптар бойынша анықтады.
Байқау қорытындысы бойынша жүлделі ІІІ орынды Әлихан Бөкейханов атындағы орта мектептің Этностар қауымдастығы иеленсе, жүлделі ІІ орын Тұрар Рысқұлов атындағы мектеп-лицейінің Лушнековтар отбасына бұйырды. Жүлделі І орынға Ақбұлақ орта мектебінің Огурцовтар отбасы ие болса, байқаудың бас жүлдесін қарашай этно-мәдени орталығының Байрамуковтар отбасы жеңіп алды. Сондай-ақ, «Өлең сөздің патшасы» номинациясын Никита Дегтярев, «Әлемнің Абайы» номинациясын Анель Бекманбетова мен Зарина Сұлтанова, «Әнді сүйсең, менше сүй» номинациясын Галина Париева, «Қара сөз – тағылымды мұра» номинациясын Асланбек Байрамуков, «Абай жолы – халық жолы» номинациясын Эвелина Узбекова иеленді.
Назерке Керімбекова,
«Достық» үйінің этнографы.
Поделиться ссылкой: