Мас жүргізуші қоғамға қауіпті

75 Views

Көлік құралын алкогольді немесе есірткілік масаң күйде, психотроптық дәрілердің әсерімен басқару өзіңнің ғана емес, өзгелердің де өміріне қауіп төндірумен бірдей. Масаң күйде көлік басқарғандардың алды түрмеде отыр. Айыппұл төлеп жүргендері қаншама?

Ал жолдағы тәртіпсіздігін қайталаса, көлік жүргізу құқығынан өмір бойы айырылады. Өкініштісі, жол жүрісіне қатысты жаза қанша қатайтылса да жүргізушілер тарапынан орын алатын құқық бұзушылықтар азаймаған.
Заңның қатайтылғанына қарамастан, көлік рөліне алкогольдік масаң күйде отыратындар әлі де жеткілікті. Тұрар Рысқұлов аудандық сотында мұндай істер аз қаралмайды. Мәселен, қылмыстық істер бойынша жыл басы­нан бері 7 тұлғаға көлік құралын бас­қару құқығынан өмір бойына айыра отырып, бас бостандығынан айыру жазасы тағайындалған.
Ал, әкімшілік құқық бұзушылық туралы Кодексінің 608-бабымен аудан­дық сотта қаралған істер бойынша 44 құқықбұзушыға қатысты 15 тәулікке қамаққа алынып, жеті жылға көлік жүр­гізу құқығынан айыру шара колда­нылды.
Олар көлікке мас болып отырғанын, басқара алмай қалғанын, өкінетінін айтады. Өкінгенмен өз өмірі мен өзге­лерге қауіп төндірген соң бәрі кеш болуы мүмкін.

А.Замбаев,
аудандық соттың төрағасы.

Мінез-құлқына белгілеген ерекше талаптарды бұзғаны үшін қамауға алынды

Тұрар Рысқұлов аудандық сотында азамат Р.-ға қатысты сот шешімін орындамағаны үшін әкімшілік іс қаралды (ӘҚБтК-нің 669-б. 2-б.).
2024 жылдың мамырында соттың қаулысымен азамат Р. отбасы-тұрмыстық қатынастар аясындағы құқыққа қарсы әрекеттер жасағаны үшін 5 тәулікке қамауға алынды. Сонымен қатар, оған 3 ай мерзімге ерекше талаптар қойылды: отбасы мүшелерін құрметтеуге, балағат сөздер айтпауға, отбасылық үйлесімділікті бұзбауға, қоғамдық жерде алкоголь ішуге тыйым салынады.
2024 жылдың 20 тамызында Р., сот белгілеген ерекше талаптарды бұзып, мас күйінде әйелін мазалап, былапыт сөздер айтып, сыйламаушылық білдірген.
Сот отырысында Р. өз кінәсін мойындап, 3-ші топтағы мүгедектігі бар екенін түсіндіріп, соттан оны қатаң жазаламауды сұрады. Сот қаулысымен құқық бұзушы 10 тәулікке қамаққа алынды.
Қаулы заңды күшіне енді.

«Құлан таңы» ақпарат.

Поделиться ссылкой: