84 Views
Апта басында аудан әкімі Ернар Есіркепов бірқатар этнос өкілдерімен кездесті. Аудандық «Достық үйінде» өткен басқосуда ұлттық бірлікті сақтау, бірегейлік қағидатын ұстану және қалыптасқан тату тірлікті жалғастыру секілді тақырыптар кеңінен қозғалып, жарасымды әңгіме өрбіді. Қазіргі таңда ауданымыздағы 42 елді мекенде 20-дан астам этнос өкілдері тату-тәтті тіршілік кешіп, еңбек етуде. Сондай-ақ, кездесуде аудан басшысы Ернар Серікәліұлы аудан аумағында атқарылып жатқан жұмыстарды да баяндап өтті.
Жиын барысында қатысушылар өздерінің ұсыныс-пікірлері мен мәселелерін ортаға салды. Әсерлі әңгіме мен өзара түсіністік жарасым тапқан басқосу соңында орыс этномәдени бірлестігінің жетекшісі Любовь Левицкая ұлт тұрақтылығы мен берекелі өмір жас ұрпақ үшін айрықша маңызға ие екенін айтты.
Ақжарқын Мұратбекқызы.
Поделиться ссылкой: