Өрт қауіпсіздік айлығы

189 Views

Ардақты әлеумет! 2024 жылдың 1 желтоқсаны мен 31 желтоқсаны аралығында бекітілген жұмыс жоспарға сәйкес, Тұрар Рысқұлов ауданы аумағында «Тұрғын үй секторларында, автокөлік құралдарында және көп қабатты тұрғын үйлерде өрт қауіпсіздігі» айлығын өткізілетінін хабарлаймыз. Осыған байланысты аудан аумағында аудандық Төтенше жағдайлар бөлімі және №10 өрт сөндіру бөлімінің қызметкерлерімен бірге аудандық электр жүйесі, газ шаруашылығы және полиция бөлімінің қызметкерлерінің қатысуымен тұрғын үй секторларында, адамдар жаппай жиналатын нысандар мен автокөліктерде өрт қауіпсіздігі шараларын сақтау жөнінде тұрғындар арасында жаднамалар тарату бойынша үгіт-насихат жұмыстары жүргізілетінін ескертеді.
Тұрғын үйдегі өрт қауіпсіздігі:
ЕСІҢІЗДЕ САҚТАҢЫЗ : Өртті болдырмау үшін Сізге мынадай өрт қауіпсіздігі ережелерін сақтаған жөн:
– электр және газ құралдарын қосулы күйінде қалдырмаңыз,сондай-ақ оған балаларды жақындатпаңыз;
– уақытша және зақымдалған электр өткізгіш сымдарын пайдаланбаңыз;
– электресептегіштердегі электрсақтандырғыштар зауыттан дайындалған болуы тиіс;
– үлкен көлемдегі электр құралдарын бір уақытта қосып электр жүйесіне күш түсірмеңіз;
– газдың кеміп қалуын тексеру үшін ашық отты қолданбаңыз;
– сіріңкені балалардың қолы жетпейтін жерде сақтаңыз;
– бөлмені жылытуға бейберекет қолдан жасалған электр-жылытқыш құралдарын қолданбаныз;
– балалардың отпен ойнауына жол бермеңіз және оларды қараусыз қалдырмаңыз;
Өрт және жану оқиғасы болған кезде тез арада телафон арқылы 101-ге хабарласыңыз.
Өрт қауіпсіздігі ережесін сақтау – Сіздің үйіңіз бен мүлкіңізді оттан қорғайды.
Көліктердегі өрт қауіпсіздігі:
– автокөліктердің механизімдері мен тораптардың дұрыс істеуін қадағалаңыз;
– аккумуляторларды тура көлік құралдарына, сондай-ақ осы мақсатқа икемделген үй-жайларда қуаттауға тыйым салынады;
– гараж бөлмесін жылытуға, жарықтандыруға және көлік қозғалтқыштарын қыздыруға ашык от көздерін (от, жалын, қыздыру лампалары) сонымен қатар қолдан жасалған электр жылытқыштарын пайдаланбаңыздар;
– гараж бөлмесінде жанатын материалдардан жасалынған үй жиһаздары мен бұйымдарын және жанатын сұйықтықтар мен тез тұтанатын сұйықтықтарды сақтамаңыздар;
– гараж бөлмесінде темекі шекпеңіздер;
– Автокөліктерде болған өрттерді талдау нәтижесінде, өрттердің шығуының басты себебі, автомобильдердің электр тізбектеріндегі қысқа тұйықталулар салдарынан болғандығы анықталады. Егер де автокөліктердің тетіктерінің ақаулары байқалған жағдайда оны тез арада жөндеу керек. Көліктерде электр тізбектерінде зауыттык үлгідегі САҚТАҢЫЗДАР!
Құрметті аудан тұрғындары апат айтып келмейтінін ескерсек, өрт қауіпсіздік ережелерін қатаң сақтау керек. Әрине, әр істің алдын алған жөн. Өрт немесе жану оқиғасы болған жағдайда тез арада дабыл көтеріп, телефон арқылы «101»-ге немесе «112» нөміріне хабарлаңыздар.

Аудандық Төтенше жағдайлар бөлімі мен
№10 Өрт сөндіру бөлімі.

Поделиться ссылкой: