Құрылтайшылардың назарына!
«Құлан-Дән» кредиттік серіктестігі құрылтайшыларының жалпы жиналысы 26.12.2024 жылы сағат 11.00-де Құлан ауылы, Жібек жолы көшесі №90А «Құлан-Дән» кредиттік серіктестігінің ғимаратында онлайн whatsapp форматта өтетінін хабарлаймыз.
Күн тәртібінде:
1. «Құлан-Дән» кредиттік серіктестігі басқармасының 2025 жылға арналған жұмыс жоспарын талқылап бекіту. Баяндамашы Р.Абдикадиров.
2. «Құлан-Дән» кредиттік серіктестігінің 2025 жылға арналған бюджетінің жобасын талқылап бектіу. Баяндамашы Ж.Курамаева.
3. «Құлан-Дән» кредиттік серіктестігінің 2024 жылда қаралған Басқарма мәжілістерінің хаттамаларын бекіту. Баяндамашы Т.Расилов.
4. «Құлан-Дән» кредиттік серіктестігінің несиелендіру жүйесіндегі соңғы ішкі нормативтік ережелеріне (ВНД) өзгертулер мен толықтырулардың енгізілуіне сәйкес талқылап бекіту. Баяндамашы А.Кейкуат.
5. «Аграрлық несие корпорациясы» АҚ мен «Құлан-Дән» несие серіктестігін» ЖШС арасында ашылған несие желісінің сомасын үлкейту. Баяндамашы А.Башкеева.
6. Өзгеретін несие желісі бойынша «Аграрлық несие корпорациясы» АҚ-ның алдында «Құлан-Дән» несие серіктестігі» ЖШС-гі барлық міндеттемелерін қамтамасыз ету мақсатында жылжымалы-жылжымайтын мүліктерді және Жарғылық капиталдың 25% (жиырма бес) пайызын депозиттік шотқа салып, кепілге қоюға және кепілге қойылған жылжымалы-жылжымайтын мүліктерді және депозиттік шоттағы салынған қаржыны «Аграрлық несие корпорациясы» АҚ мен «Құлан-Дән» несие серіктестігі» ЖШС арасындағы келісімдер орындалмаған немесе лайықты орындалмаған жағдайда соттан тыс алуға келісім беру. Баяндамашы А.Башкеева.
7. Өзгеретін несие желісі туралы жасалатын негіздемелік келісім, қосымша келісім, кепіл шарттар, гаранттық шарттар, қарыз шарты, жеке қарыз шарттарына қол қою құқығын, сонымен қатар осыларға байланысты қосымшалар мен өзгерістерге қол қою құқығын «Құлан-Дән» несие серіктестігі» ЖШС-нің Басқарма төрағасына беру. Баяндамашы А.Башкеева.
«Құлан-Дән» кредиттік серіктестігі Басқармасы.
