Ұлттық тәрбие балабақшадан басталады

61 Views

Жуырда дәл осындай тақырыпта аудандық аналар кеңесінің бастамасымен «Балдырған» бөбекжай-бақшасының тәрбиешілері мен осы бөбекжай-бақшаның әжелер, әкелер, аналар мектептерінің бірлесе ұйымдастыруымен іс-шара өтті. Іс-шараға аудандық ардагердер Кеңесінің төрағасы Қожайхан Бижанов, аудандық білім бөлімінің басшысы Мұрат Сванов, аудандық аналар кеңесінің төрайымы Түзел Алагөзова және осы аналар кеңесінің бір топ мүшелері қатысып, сөз сөйледі. «Балдырған» бөбекжай-бақша­сының тәрбиешілері бұл іс-шараға жақсы дайындалған екен. Жалпы, бұл іс-шараны өткізудегі басты мақсат та – ұлттық сана сезімі қалыптасқан, ұлттық құндылықтар мен жалпы адамзаттық құндылықтарды өзара ұштастыра алатын ұлтжанды тұлғаны тәрбиелеу. Егерде оқыған болсаңыздар, біз бұған дейін де дәл осындай тақырыпта іс-шаралар басқа да бөбекжай-бақшаларда өткендігін жазғанбыз.
Іс-шара басталмай тұрып алдымен «Ата-аналарды қолдау орталығы» даналық мектебінің ашылу салтанаты өтті. Содан кейін кезек негізгі бөлімге де келді. «Біртұтас тәрбие» бағдарламасы асында кішкентай бүлдіршіндерден құралған «Еркемай» ұлттық аспаптар оркестрі Нұрғиса Тілендиевтің «Ата толғау» күйін орындады. Музыка жетекшісі Г.Мулламетова. Одан кейін әжелер мектебі «Тұсау кесу», «Танабау тағу» «Ұлттық тағамдарды таныстыру», «Құрақ құру», әкелер мектебі «Атқа мінгізу», «Қой қырқу», «Ұлттық ойындар», аналар мектебі «Шашбау тағу» салт-дәстүрлерін көрсетті. Осының барлығына «Бал­дыр­ған» бөбекжай-бақшасының тәрбиеленушілері белсене қатысты. Іс-шара соңында «Алға Қазақстан» патриоттық әні орындалды.

Марат Аятберген.

Поделиться ссылкой: