«Ботулизм»  дегеніміз не?

1 414 Views

«Ботулизм»  дегеніміз не?

Жол бойында тұздалған саңырауқұлақтар мен басқа да заттарды сатып отырған апаны көрмеген кісі жоқ шығар. Шындығын айтсақ көріп қана қоймай, тәбетті ашар тісбасардан бір – екі банкасын да сатып алған боларсыз.Бірақ оның бәрі қаншалықты әдемі көрінгенімен, арты неге әкеліп соғарын кім білсін.Және де бұл  тек қана асқазан бұзылуы ғана емес .Жай ғана сатып алудың неге әкеліп соғатынын осы мақаламызда айтып өтеміз

Бөгде адамдардан  үй тағамдарын сатып ала отырып, сіз ботулизм ауруын  жұқтырып  алуыңыз мүмкін. Бұл ретте сатушылардың  өздері де өлімге әкеліп соғатын улы затты сатып отырғандарын  білмеуі де мүмкін.

Аурудың атауы инфекцияны қоздыратын микробтан шыққан және ол микроб Clostridiumbotullini деп аталады. Ботулизм-  өлімге әкеліп соғуы мүмкін токсикоинфекция. Ботулизмнің клостридий микробы көптеген жануарлардың ішегінде және топырақта болады, ол топыраққа нәжіспен бірге түседі және онда көптеген жылдар бойы өмір сүре алады. Ауасыз жерде, мәселен консервіленген  өнімдерде болған кезде микроб ботулотоксин уын бөліп щығарады,ол  ысылдағыш  улы жыланның уынан 400 мың есе күштірек. Егер адам ботулотоксині бар тағамды жесе, онда у науқастың барлық организмінде бұлшық еттің салдығын тудырады.

Көп жағдайда ботулизмнің  себебі үйде  дайындалған консервіленген  саңырауқұлақ, баялды, бұрыш себепкер болып табылады. Алайда ботулотоксин кез-келген консервіленген етте, көкөністе, балықта болады. Сондай-ақ, ботулизмді консервіленген дәмдеуіштерден  жұқтыруға болады. Сонымен қатар, бастапқыда дұрыс жуылмаған, сапасыз термиялық өңделген барлық консервіленген тағамдар қауіпті екенін  түсіну керек. Үйде дайындалғандарға қарағанда, өнеркәсіптік өндірілген консервілерден ботулизмді жұқтыру өте сирек кездеседі. Алайда ол да улы болуы мүмкін.

Жұқтырып алмаудың қандай жолы бар?

Ботулизмдегі ең келеңсіз жағдайы  сіз тағамның сыртқы түріне қарап бүлінген бе, бүлінген  емес пе дегенді анықтай алмайсыз. Сондай-ақ, ботулизмге  қарсы екпелер жоқ және иммунитет дамымайды. Сондықтан ұсыныс тек біреу ғана:  консервілерді дайындау барысында және жеген кезде сақ болу керек!!!

Үй жағдайында консервілерді дайындаған кезде термиялық өңдеусіз Clostridiumbotulinum-ді жоя алмайтындығыңызды есте сақтау керек. Ешбір жағдайда үрленген (қампайған)консервілерді жемеңіз.Егер олардың қақпағы  қампайып тұрса, яғни оларды консервілеу процесі бұзылған. Бәлкім консервілер қажетті деңгейде термиялық өңделмеген болуы мүмкін. Мұндай өнімдерден улану деңгейі өте жоғары. Қақпақтың қампаюы консервіде ботулотоксиннің болуы нышанының бірі екендігін міндетті түрде есте сақтаңыз.

Ботулизмді қалай анықтауға болады?

Ботулизм өзі туралы өте тез білдіреді. Ауру белгісі 2- 24 сағат ішінде өрши бастайды, адамның іші өтеді, лоқсып құсады, шамалы температурасы көтеріледі, іші ауыра бастайды. Ботулизмнің ерекшелік көріністері көздің көруінің бұзылуы, көз бұлшықеттерінің реакциясынан заттың қосарланып көрінуі  басталады, қыли көзділік дами бастайды. Содан кейін сөйлеудің бұзылуы, әлсіздік, ауызда құрғақтық, жұтынудың бұзылуы,дауыстың өзгеруі қосылады.Жоғарыда айтылғандардан бөлек, ботулизмнің ең маңызды белгісі дене қызуының  шамалы көтерілуі  және қалтыраудың  жоқтығы болып табылады.Егер осы белгілер байқалса, онда бірден жедел жәрдем шақыру керек. Тез арада ауруханаға жеткізілмесе өлімге әкеліп соғуы мүмкін.

Мұнымен сізді қорқытып отыр деп ойламаңыз. Мүлдем олай емес, сақтықта қорлық жоқ дегендей, сақ болғаныңыз дұрыс. Сауда-саттық жүргізуге арналмаған  орындардан, тексерілмеген адамдардан қандай-да бір тағам сатып алар алдында ойланып көріңіз, қайсысы маңызды: бір сәттілік рахат па немесе өз өміріңіз бе? Бірақ егер қатты қызығып тұрсаңыз, онда барынша сақ болғаныңыз  дұрыс. Ең бастысы есіңізде сақтаңыз денсаулық-бұл адамның ең қымбат құндылығы. Сондықтан  өнім  таңдауда барынша сауатты болған дұрыс!

Ж.Дідаева, Санитарлық- гигиеналық Қадағалау  және техникалық           регламенттерталаптарының сақталуын бақылау   бөлімінің  басшысы. Г.Темирбекова, бөлімнің бас маманы  

Поделиться ссылкой: