Халық қалаулыларына құрмет

160 Views

Биыл егеменді елімізде мәслихат­тардың құрылғанына 30 жыл толып отыр. Осы аралықта халық қалаулылары жергілікті жердегі өзекті мәселелердің шешілуіне ықпал етіп, үлкен үлес қосып келеді.

Айтулы мерекені ерекше атап өту мақсатында өткен аптада аудандық мәдениет үйінде үлкен іс-шара ұйымдастырылды. Шарапаты мол шараға 1994 жылдан бастап, бүгінгі күнге дейінгі аралықта мәртебелі міндетке сайланған барлық мәслихат депутаттары шақырылып, оларды аудан әкімі Ернар Есіркепов құттықтап, арнайы марапаттады.
Жиында Ербол Абақұлы да сөз сөйлеп, 30 жылда атқарылған мәслихат жұмысын тізбектеп берді.
Аудандық мәслихат депутаттары 30 жыл аралығында жергілікті атқарушы органмен бірлесіп, ауданға тау тұлғалы Тұрар Рысқұловтың есімін беру, өңірдің эконмикасын тіктеп, әлеуметтік жағдайын тұрақтандыру, тұрғындарды тұрғын үй және әлеуметтік нысандармен, инфрақұрылыммен қамту жұмыстарына үлкен мән берген. Осы бір елеулі еңбекті ескерген аудан басшылығы бірқатар халық қалаулыларын ҚР-ның Сенат төрағасының, облыс және аудан әкімінің, мәслихат төрағасының Құрмет және Алғыс хаттарымен марапаттап, кеуделеріне мерекелік медаль тақты.

«Құлан таңы» ақпарат.

Поделиться ссылкой: