Жеңіс тұғырынан көрінген жас спортшыларды қабылдады

88 Views

Аудандық газет тілшілері көптеген жас спортшыларды насихаттап, дәріптеп жүр. Солардың қатарында шахматтан жасөспірімдер арасында батыс Азия чемпионы Айару Каипова мен тоғызқұмалақтан Түркістан қаласында өткен Азия кубогінің жеңімпазы атанған Әлия Өмірәліқызы да бар. Айару Каипованың жаттықтырушысы әкесі Ниязбек Каипов екенін білесіздер. Ал Әлияның жаттықтырушысы №24 балалар мен жасөспірімдер спорт мектебінде еңбек ететін білікті маман Ұлжан Үсенқызы. Айта берсек, Айаруда да, Әлияда да жетістіктер өте көп. Сондықтан оларды қалай мадақтасақ та жарасады.
Жақында аудан әкімі Айару Каипова мен Әлия Өмірәліқызын жеке қабылдап, сый-сыяпат табыс етті. Өз сөзінде аудан басшысы Ернар Серікәліұлы қос жас өреннің жетістігі өзге де жасөспірімдерге үлгі екенін жеткізіп, алда өтетін жарыстарда да олардың жеңіс биігінен көрінетініне сенім білдірді.

М.Аятберген.

Поделиться ссылкой: