Жаңа жыл қарсаңында баспана кілттері табысталды

201 Views

Кеше Құлан ауылындағы Махамбет Өтемісұлы көшесінің бойынан салынған 4 отбасылық 4 тұрғын үйлер әлеуметтік осал топ санатына жататын аудан аумағында тұратын 10 отбасыға берілді.

Жаңа жыл мерекесі қарсаңында осындай зор қуанышқа кенелген азаматтардың қуанышын аудан әкімі Ернар Есіркепов арнайы барып бөлісіп, өзінің құттықтау лебізін білдірді. Сондай-ақ, осы қуанышқа аудандық мәслихат төрағасы Ербол Абақұлы мен аудандық ардагерлер Кеңесінің төрағасы Қожайхан Бижанов та ортақтасып, өздерінің ақжарма тілектерін білдірді. Айта кетейік, бұл баспаналар әлеуметтік осал топ санатына жататын азаматтарға кезектілік реті бойынша берілді. Алдағы уақытта кезек реті бойынша тағы да отбасылар баспаналы болатын болады. Шара соңында Қожайхан Қазыбайұлы:
– Қоныстарың жайлы болсын,
Қазан-ошақтарың майлы болсын.
Төрт-түліктерің сайлы болсын,
Үйлеріңіздің әрбір бөлмесін,
Мол жақсылық кернесін.
Ұл-қыздарың ер жетіп,
Туған-туыс аман боп,
Жаманшылық көрмесін, – деп өзінің ақ батасын берді.

Марат Диханбай.

Поделиться ссылкой: