Басты мақсат – сапалы маман даярлау
Құлан агротехникалық колледжі тек өңірде ғана емес, еліміздегі үздік оқу орындарының бірі болып саналады. Тарихы тереңде жатқан білім ордасына бүгінде «тірек колледжі» статусы берілген. Бұл мәртебе колледждің жоғары деңгейдегі білім беру жүйесін қалыптастырудағы рөлін айқындайды.
Өткен аптада Құлан агротехникалық колледжінде «Жұмысшы мамандықтар» жылы аясында «Бәсекеге қабілетті түлекті дамыту жүйесіндегі педагогикалық қызметтің шығармашылық нысандары мен әдістері» тақырыбында тәжірибе алмасу семинары өтті.
Семинардың негізгі мақсаты – техникалық және кәсіптік білім беру ұйымдарында оқу-әдістемелік және ақпараттық жұмыстарды тиімді жүргізу, сондай-ақ, педагогтер мен студенттердің кәсіби шеберлігін арттыру. Іс-шара барысында әр өңірден келген колледж ұстаздары өздерінің тәжірибелерімен бөлісіп, шеберлік сағаттарын өткізді.
Жиын соңында қатысушылар арасында кері байланыс орнатылып, үздік тәжірибелер талқыланды. Ұстаздар оқу процесінде қолданылатын әдіс-тәсілдер туралы өзара пікір алмасып, білім беру сапасын арттыруға бағытталған тың ойларымен бөлісті.
Жәнібек СҰЛТАН.
