ЖЕМҚОРЛЫҚПЕН КҮРЕС – ҚОҒАМ ТАЛАБЫ
53 ViewsМемлекет басшысы Қасым-Жомарт Кемелұлы Тоқаев «Сыбайлас жемқорлықтың себебі мен шарттарын жоймай онымен күресу, бұл – жел диірменмен алысу. Халық әлдебір шенеуніктің немесе басшының жай…
Құрметті форум қатысушылары мен барша қазақстандықтар!
Біз, «Ана – ұлттың айнасы» форумы қатысушылары, еліміздің рухани және мәдени дамуына үлкен үлес қосып жүрген аналарымыздың қоғамдағы рөлі мен маңызын терең түсіне отырып, елімізде ананың қадір-қасиетін арттыру, ұрпақ тәрбиесіне көңіл бөлу, ұлттық құндылықтарды сақтау мақсатында келесі үндеуді қабылдаймыз:
1. Ана – ұлттың тірегі. Ана ұрпақ тәрбиесінде маңызды орын алады, ұлттық құндылықтарды насихаттап, салт-дәстүрді болашақ ұрпаққа жеткізеді. Сондықтан ананың қоғамдағы беделін арттыру – баршамыздың ортақ міндетіміз.
2. Ұлттық тәрбие – болашақтың негізі. Біз жас ұрпаққа ізгілік, адамгершілік, отансүйгіштік қасиеттерін сіңіруге міндеттіміз. Ана тәрбиесі – рухани күш пен білімнің бастауы екенін ұмытпаймыз. Ұлттың болашағы анадан басталады. Сондықтан ана тәрбиесінің мәні мен маңызы зор.
3. Аналардың құқықтары мен мүдделерін қорғау. Біз аналар мен балалардың денсаулығы, білім алуы, әлеуметтік жағдайын жақсарту үшін мемлекет пен қоғам тарапынан жан-жақты қолдаудың болуына ықпал етуді күтеміз. Аналардың құқықтарын қорғап, оларға толыққанды қолдау көрсету – біздің басты міндетіміз.
4. Берекелі отбасы – мықты мемлекет. Біз қоғамда отбасы құндылықтарын нығайтуға, жас аналарға қолдау көрсетуге, отбасылық бірлікті сақтауға шақырамыз. Бірлігі мен берекесі мол отбасы – ұлттың негізі, ал отбасының жақсылығы – елдің өркендеуі мен болашағының кепілі.
5. Ана тілі – ұлттың айнасы. Біз ана тілімізді сақтау мен дамытуға, оны ұрпақ санасына сіңіруге бар күшімізді саламыз. Отбасында қазақ тілінде сөйлеп, оны күнделікті өмірдің ажырамас бөлігіне айналдыру – әр ата-ананың парызы. Ана тіліміздің өзекті болуын қамтамасыз ету, ұлттық рухымызды сақтап қалу үшін бірігіп жұмыс істеуге дайынбыз.
6. Бес кеселмен күресу – нашақорлық, ысырапшылдық, отбасындағы зорлық-зомбылық, вандализм және лудомания (құмарпаздық) мәселелерін жоюды мақсат еткен жобаның маңызы туралы айтып, жастарды, жас отбасыларын осынау жаман әдеттерден сақ болып, қашық болуға шақыру.
7. Жас ұрпақтың бойында мейірім, шапағат, үлкендерге құрмет, кішіге ізет, қоғам алдындағы жауапкершілік сезімдерін ояту үшін мектеп оқушылары мен студент жастарды қарттар үйі, балалар үйлеріне апарып және басқа да көмекке мұқтаж әлеуметтік орындарда волонтерлікпен айналысуына ықпал ету.
8. Абайдан асқан дана жоқ. Бүгінде әрбір сөзі хадиске айналған ұлы ақынның сөзін өмірлік жаназық еткен адам адаспайды. Сондықтан мектеп, балабақша, жоғары оқу орындарында «Абайтану дәрістерін» енгізіп, оның «толық адам» ілімін тереңдей оқытуды қолға ала отырып, әрбір отбасында да хакімнің мол мұрасын жатқа үйрету.
9. Облыстық ардагерлер кеңесінің Жамбыл облысы, Талас ауданы, Ойық ауылында өткен «Елдіктің тоғыз бағыты – жас ұрпаққа бағдар» атты семинар кеңесте қабылдаған үндеуіндегі той мәдениетін көтеру және ас өткізудегі ысырапшылдыққа жол бермеу бастамасын қолдауға шақырамыз.
Біз «Анаға құрмет – ұлтқа құрмет» екенін мойындай отырып, осы қағидаларды берік ұстануға және қоғамымыздың гүлденуі жолында баршаңызды бірлесіп әрекет етуге шақырамыз.
Құрметпен,
«Ана – ұлттың айнасы» форумының қатысушылары.