Ағаш көшеттері отырғызылды
Тазалық – әр адамның жеке жауапкершілігі. Біз өз ауламызды, көшемізді таза ұстасақ, өмір сүру сапасы да айтарлықтай жақсарады. Өткен сенбіде «TazaLike» жобасы шеңберінде «Болашақты бірге отырғызамыз» акциясы аясында жалпыаудандық сенбілік өтті. Игі іс-шара барысында аудан әкімі Ернар Есіркепов бастаған зиялы қауым өкілдері мен жастар және оқушылар №6 мектеп-гимназиясының аумағына жас ағаш көшеттерін отырғызды.
Аудан әкімдігінің бастамасымен өңірде санитарлық тазалықтың екі айлығы жарияланған болатын. Осыған орай аудан тұрғындары, барлық мекемелер мен ұйым қызметкерлері де сенбілікке белсене қатысты. Жасыл аймақтарды күтіп-баптау жұмыстарын жүргізу – баршамыздың ортақ міндетіміз.
Таза ауданды қалыптастыру – өз қолымызда!
«Құлан медиа» ақпарат.