Жүргізуші куәлігінен айырыла тұра, көлік жүргізген…
Тұрар Рысқұлов аудандық сотында ҚР ӘҚБтК-нің 612 бабы 3 бөлігі бойынша азамат Д.-ға қатысты әкімшілік құқық бұзушылық туралы іс қаралды.
Сот отырысында азамат Д. көлік құралын басқару құқығынан айырыла отырып, 2025 жылдың 22 ақпан күні түнгі сағат 2.00 шамасында Тұрар Рысқұлов ауданы, Луговой ауылында орналасқан М.Горький мектебінің бойымен күн батыс бағыттағы тас жолында «VOLKSWAGEN VENTO» маркалы автокөлігін басқарғаны анықталды.
Сот отырысында Д. хаттамамен келісіп, кінәсін мойындайтынын және қатаң жазаламауын сұрады.Сот қаулысымен Қазақстан Республикасының «Әкімшілік құқықбұзушылықтар туралы» кодексінің 612 бабының 3 бөлігімен айыпты деп танылып, 10 тәулік әкімшілік жаза түрінде қамауға алынды. Сот қаулысы заңды күшіне енген жоқ.
«Құлан таңы» ақпарат.