Наурыз – татулық пен достықтың дәнекері

74 Views

Наурыз – бірлік пен татулықтың, жаңару мен достықтың мерекесі. Осыған орай аудандық орталық кітапхананың ұйымдастыруымен Наурызнама онкүндігі аясында «Нұр себеле, ұлыстың ұлы күні» атты nauryz time өтті.
Іс -шараға аудан әкімінің орынбасары Қайрат Әбілханұлы, аудандық ардагерлер Кеңесінің төрағасы Қожайхан Қазыбайұлы және зиялы қауым өкілдері мен кітапхананың тұрақты оқырмандары қатысты.
Nauryz timе шарасында ұмыт болып бара жатқан «Селтеткізер» дәстүрі көрсетілді. Одан бөлек «Дән мен дәстүр» ұлттық тағамдар жәрмеңкесі ұйымдастырылып, көпшілікке наурыз көже, бауырсақ, қымыз ұсынылып, әр тағамның шығу тарихы таныстырылды. Сонымен қатар оқырмандар ұлттық ойындар ойнап, өз өнерлерін ортаға салды.
Мерекеге арнайы жасалған «Киіз үй» мен «Наурыз» көрме инсталляциясы көпшілік қауымға таныстырылып, қыз бен жігіттің ән жарысымен жалғасты. Наурыз мейрамының шырайын ашқан бұл іс-шарада кітапханашылар «Наурыз – думан» әнімен көрер­мендерге ерекше көңіл сыйлады.

А.Искакова,
аудандық орталық кітапхананың кітапханашысы.

Поделиться ссылкой: