Әдеп кодексін сақтау – мемлекеттік қызметшілердің міндеті

73 Views

Әдеп кодексі – мемлекет­тік қызметшілердің қызмет бары­сында әдеп­тілік нормаларын сақтап, кәсіби этикаға сәйкес жұмыс істеуін қамтамасыз ететін маңызды құжат. Қазақстан Республикасының мемлекеттік қызметшілері үшін қабылданған Әдеп кодексі мемлекеттік қызметке қабылданған тұлғалардың қызмет атқаруы барысында моральдық және этикалық нормаларды қатаң сақтауды талап етеді. Бұл құжат мемлекеттік қызметтің тиімділігін арттыруға, қызметкерлердің қоғамдық сенімділігін нығайтуға және мемлекеттің беделін көтеруге ықпал етеді. Әдеп кодексін бұзу немесе оның талаптарына сай әрекет етпеу мемлекеттік қызметшінің қызметінен шеттетілуіне немесе әкімшілік жауапкершілікке тартылуына әкелуі мүмкін. Бұл, өз кезегінде, мемлекеттік органдардың жұмыс тиімділігін төмендетіп, қоғамда теріс пікірдің қалыптасуына себеп болады. Сонымен қатар, мемлекетке деген халықтың сенімі жоғалып, қоғамдық тәртіптің бұзылуына жол ашылады. Әдеп кодексі мемлекеттік қызметтің негізгі тұғырларының бірі болып табылады. Мемлекеттік қызметшілердің Әдеп кодексін сақтауы қоғамда сенімділікті нығайтады, мемлекеттік органдардың жұмысын тиімді жүргізуге ықпал етеді және қоғам мен мемлекеттің тұрақты дамуының негізін қалайды. Әдептілік пен адалдықты, жауапкершілік пен заңдылықты сақтауды әрбір мемлекеттік қызметші өзінің басты міндеті ретінде қабылдауы тиіс.

Р.Коңратбаев,
аудандық қазынашылық басқармасының басшысы.

Поделиться ссылкой: