Өлеңі – өмірі
27 ViewsАстанадан, облыс орталығынан шалғай ауылда тұрап-ақ, адам баласының рухани күшінің қайыспас қайсарлығын танытып, күйкі тірліктің шаңына көмілмей, көкірегінде тулап жатқан шалқар ойды өлеңмен өрнектеп…
Мінеки, тағы бір оқу жылы аяқталды. Әрбір оқушы үшін мектептің орны әрқашан бөлек. Жасырып қайтеміз, қазір оқимын, білімімді жетілдіремін деген адамға мүмкіндік мол.
Оның үстіне бүгінде дарынды оқушыларға сабақты жақсы оқысын деген ниетпен стимул болсын деп мектептердің көпшілігінде оқу жылы аяқталар сәтте демеушілік есебінен шәкіртақы да беріледі. Өткен аптада, яғни 23 мамырда Тұрар Рысқұлов атындағы мектеп-лицейінің акт залында өткен сондай бір іс-шараның куәсі болдық. Іс-шараның тақырыбын ұйымдастырушылар «Болашақ – жастардың қолында» деп атапты. Расында да солай ғой. Осы күні мектеп бітірген түлектер де, әзір мектеп табалдырығында оқып жүрген оқушылар да болашақта әрбір салада еңбек етіп, еліміздің болашағы үшін барын салып қызмет атқаратыны анық қой. Сондықтан мектеп оқушыларын кейде ынталандырып, демеушілік есебінен осылай шәкіртақы берсе, ол – жақсы дәстүр деп білеміз. Бір жағынан оқушыларға үлкен мотивация, екінші жағынан оқушылардың санасына құндылық негіздерін дәріптеу болмақ. Адам қашанғы негативпен өмір сүрер дейсіз? Яғни осы арқылы олардың бойында бұл өмірде адам әрқашан жақсылықты да көре білуі керек деген түсінік қалыптасады.
Іс-шараның шымылдығын Тұрар Рысқұлов атындағы мектеп-лицейінің директоры Ербол Қайпулдаев сөз сөйлеп, ашып берді. Рас, Тұрар Рысқұлов атындағы мектеп-лицейінің оқушылары да қаншама байқаулардан жүлде еншілеп жүр. Яғни бұл мектепте дарынды оқушылар саны да көп. Ол әрине тағы да өз жұмысына жауапкершілікпен қарап, жүйелі әрі адал жұмыс жасап келе жатқан аталмыш білім ошағындағы ұлағатты ұстаздардың еңбегі деп ойлаймыз. Қазір «Инстаграмда» неше түрлі парақшалар бар. Бар мақсаты әйтеуір ілік іздеу. Олардың көздегендері де белгілі. Шыншыл көрінгісі келіп, пайда табу. Басқа түк те жоқ. Талайын көріп жүрміз ғой ондайлардың. Сондықтан оууууу ағайын, қазіргі таңда басты мақсат – бәле іздеу емес, жақсылықты насихаттау дұрыс. Әйтпесе көп нәрседе есеміз кетіп қалуы мүмкін. Бір-бірімізді жамандамай, әркез жақсылыққа үндейтін дүниелер көрсетіліп, жазылса қандай жақсы. Мәселен осы жазуға тұрарлық дүние ғой. Қаншама адам демеушілік көрсетті. 31 оқушыға шәкіртақы берілді. Әрқайсысына 20 мың теңгеден. Осыны ұйымдастырып, мектеп оқушылары үшін осындай мүмкіндік жасап отырған мектеп басшысы мен орынбасарларының да іскерлігін айта өткеніміз жөн емес пе?
Марат Диханбай.