Өлеңі – өмірі
27 ViewsАстанадан, облыс орталығынан шалғай ауылда тұрап-ақ, адам баласының рухани күшінің қайыспас қайсарлығын танытып, күйкі тірліктің шаңына көмілмей, көкірегінде тулап жатқан шалқар ойды өлеңмен өрнектеп…
Осы сөзді жазудың өзі жүрегімді ерекше сезімдерге бөлейді. Мектеппен қоштасатын сәт келіп жетті дегенге өзім де сенбеймін.
Он бір жыл – бір ғасырға бергісіз қимас сәттер мен ыстық естеліктердің мекені болыпты. Мектеп – мен үшін жай ғана білім ордасы емес, өмір мектебі, өмірге көзімді ашқан алтын ұям болды. Әлі есімде, бірінші қоңырауда кіп-кішкентай сөмкемді арқалап, анамның қолынан ұстап мектепке кіргенім. Сол күннен бастап жүрегіме мейірім мен жылылық сыйлаған ұстаздарым, әрдайым жанымнан табылған сыныптастарым менің өмірімнің ең бағалы қазынасына айналды. Әрбір ұстазымның айтқан ақылы мен жүрек жылуы мені әрқашан қанаттандырды. Әр мұғалім менің жүрегіме үміттің сәулесін септі, қанатымды қатайтып, өмірге деген сенім сыйлады. Әсіресе бастауыш сыныптағы апайымның аялы алақаны, әр сынып жетекшімнің мейірімділігі әлі күнге дейін есімнен кетпейді. Сыныптастарым – менің екінші отбасымдай болып кетті. Бірге ойнап-күліп, бірге уайымдап, бірге арманға ұмтылған күндеріміз көз алдымда кино лентасындай тізіліп өтіп жатыр. Әрқайсысың менің балалық шағымның жарқын бөлшегісіңдер. Біз бірге ойнап өстік, бірге қателесіп, бірге үйрендік. Әр естелік – жүрегімде. Ішімде қимастық пен үміт қатар ойнақ салады. Бала кезімде ойнап жүрген аула, мектеп дәлізіндегі қоңырау үні, сынып бөлмесіндегі әр парта маған тым ыстық. Бірақ осы ыстық мекеннен ұшып шығатын уақытым да жетті. Енді алдағы өмірге үлкен сеніммен қадам басамын. Мектеп қабырғасынан алған білімім мен тәлімім сол мақсаттарға жетелейтін шамшырағым боларына сенемін. Алдымда мені үлкен сындар мен белестер күтіп тұр. Бірақ жүрегімде әрдайым маған күш беретін ұстаздарымның аманаты, ата-анамның үміті бар екенін білемін. Қай жолды таңдасам да, мектепте алған тәрбием мен білімім – менің ең үлкен қоржыным болмақ. Мен өз арманымның қанатын қатайтқым келеді. Алға қойған мақсатым – өзімді елге, қоғамға пайдамды тигізетін азамат етіп қалыптастыру. Қай жерде жүрсем де, өз мектебімнің атын абыроймен алып жүруге тырысамын. Қош бол, алтын ұям! Сен маған өмірлік сабақ қана емес, өмірдің нағыз дәмін татқыздың. Ұстаздарыма мың алғыс.
Түлек болу – қоштасу емес, үлкен өмірге қадам басу. Әр түлекке сәттілік, әр жүрекке шаттық тілеймін!
Ақжан Улухманова, жас түлек.