Балалардың отпен ойнауына жол бермеңіз…

34 Views

Өрт қауіпсіздігін сақтау – қоғамның ортақ мақсаты. Күнделікті өмірде өрт қауіпсіздігі ережелерін сақтамау көбінесе мүліктің зақымдалуына ғана емес, қайғылы жағдайға да алып келеді. Көптеген өрттер балалардың отпен ойнауынан болады.
Құрметті ата-аналар! Қазіргі таңда күннің ысуына және желдің күшеюіне байланысты қарапайым тұрмыстағы өрт қауіпсіздік шараларын балаларыңызға түсіндіріп және оларды қараусыз қалдырмауларыңызды сұраймыз.
Қауіпсізідік шаралары:
– оттықты балалардың қолы жет­пейтін жерде ұстаңыз;
– балаларға ойыншық ретінде оттық­тарды бермеңіз;
– балаларға газ немесе электр қондыр­ғыларын пайдалануға рұқсат бермеңіз;
– өрт болған жағдайда ешқайда тығыл­май, далаға жүгіріп шығуды балаға түсіндіріңіз;
– баланы қорқытпай, қауіпсіздік ере­желерін айтып, әр түрлі оқиғаны ойын түрінде көрсетіп, орын алған оқиғадан қалай шығу керек екендігі жөнінде айтыңыз;
– үйде бір парақ қағазға жедел қыз­мет нөмірін жазып қойыңыз және оны қандай жағдайда пайдалануға болатынын балаға түсіндіріңіз.
Ең бастысы төтенше жағдай орын алған сәтте өрт сөндіру қызметі «101» немесе құтқару қызметі «112» нөмірлері арқылы қоңырау шалыңыз.
Балаларды терезеден құлау жағдайының алдын алу.
Балалардың жарақат алуы мен өліміне әкеліп соғатын негізгі себеп­тердің бірі – терезеден құлау оқи­ғалары. Әсіресе 3-7 жастағы балалар терезеден құлау қауіп-қатеріне жиі ұшырайды. Бұл жастағы балалар терезе алдында ойнаудың қауіпті екенін түсінетін жаста емес. Үлкендердің ешқайсысы оларға бұл жағдай туралы түсіндірмейді. Терезеден құлау оқиғалары көп жағ­дайда ата-аналардың балаларды қарау­сыз қал­дыру салдарынан болады. Осы­ған байланысты ата-аналарды өте сақ болуға және кішкентай балаларды терезесі ашық бөлмеде жалғыз қалдыр­мауларын сұраймыз.
Балаларды терезеден құлау жағ­дайынан қалай сақтауымыз керек?
1. Үйде балалар болған жағ­дай­­да ешқашан терезені ашық қалдыр­маңыз Сіз балаңыздың жанында бол­ғаныңызбен өз назарыңызды басқа нәр­сеге аударған мезетте балаңыз өз өмірімен қош айтысуы мүмкін.
2. Барлық жиһаздарды бала терезе алдына шыға алмайтындай етіп, терезе жанынан алшақ қойыңыздар. Егер бұл мүмкін болмаған жағдайда, балаларға терезеге жақын орналасқан кереует немесе басқа да жиһаздардың үстінде ойнауына рұқсат бермеңіз.
3. Ешқашан терезедегі москиттік торларға сенбеңіздер! Олар құлаудан сақтауға арналмаған. Құлап бара жатқан балаларыңызды қорғай алмайды. Кері­сінше, москиттік тор қайғылы жағ­дайдың орын алуына әкеліп соғады. Балалар москиттік торларды қауіпсіз деп ойлайды және терезеге сүйенгендей сол торларға сүйенеді. Көп жағдайда балалар осы тормен бірге құлап кетеді.
4. Мүмкіндік болса, терезені (жел­дет­кішті) төменгі жағынан емес, жо­ғарғы жағынан ашыңыз.
5. Балаларыңыз терезені өз еркімен ашып алмауы үшін, терезелеріңізге бекіт­­кіштер (арнайы бекіткіш) орна­тыңыз.
Жоғарыда көрсетілген ұсыныстарды ес­­кере отырып, сіз жазатайым оқиғаның және қайғының алдын аласыздар.

Аудандық Төтенше жағдайлар бөлімі.

Поделиться ссылкой: