Өлеңі – өмірі
27 ViewsАстанадан, облыс орталығынан шалғай ауылда тұрап-ақ, адам баласының рухани күшінің қайыспас қайсарлығын танытып, күйкі тірліктің шаңына көмілмей, көкірегінде тулап жатқан шалқар ойды өлеңмен өрнектеп…
Қазір оқушылардың басым көпшілігі қосымша үйірмелерде дәріс алады. Ауданымызда қосымша білім беретін мектептер мен орталықтар да бар. Соның бірі Луговой ауылындағы Айдар Жұмағұлов басшылық ететін аудандық балалар мен жасөспірімдер орталығы.
Аталмыш орталықта 45 үйірме жұмыс жасайды. Яғни осы аудандық балалар мен жасөспірімдер орталығында ғылыми-техникалық, көркем-эстетикалық, музыкалық, спорттық, туристік-өлкетану, экологиялық-биологиялық, әлеуметтік-педагогикалық, гуманитарлық және жаратылыстану-математикалық бағыттары бойынша 1435 оқушы тәрбиеленіп жатыр. Жақында Луговой ауылдық мәдениет үйінде «Биікке самғаған өрендер» деген тақырыпта аудандық балалар мен жасөспірімдер орталығы тәрбиеленушілерінің шығармашылық есептік концерті өтті. Іс-шара өте жоғары деңгейде ұйымдастырылғаны көзге көрініп тұрды. Оны іс-шараға қатысқан қонақтар да айтты. Яғни бұл шығармашылық есептік концертке аудан әкімінің орынбасары Қайрат Исмаил, Луговой ауылдық округінің әкімі Жасұлан Өмірқұлов, аудандық білім қызметкерлері кәсіподақ комитетінің төрайымы Айнұр Баймұратова, аудандық әкелер кеңесінің төрағасы Мырзабек Маңғұтов, аудандық аналар кеңесінің мүшесі Алтынгүл Адилова және аудандық білім бөлімінің әдіскері Гаухаржан Ноғайбаева қатысып, құттықтау сөз сөйлеп, өздерінің ақжарма тілектерінде бұл орталықтың оқытушылары мен тәрбиеленушілерін мадақтап тұрып айтты. Шығармашылық есептік концерт соңында орталық тәрбиеленушілері өз өнерлерін көрсетті. Шара соңында аудандық балалар мен жасөспірімдер орталығының әр бағыт бойынша шәкірт тәрбиелеп жатқан жетекшілер мен тәрбиеленушілерге алғыс хаттар табыс етілді.
М.Жолдасбекұлы.